Садаға кеткен сайлау (видео)

Сайт әкімшілігі

13.01.2021, 07:19

3915

Алматы қаласы 10-қаңтарды таңғы сағат 8:00-ден бастап көше торуылдаған патрулдік көліктермен қарсы алды.

 Ескі және Республика алаңын айнала қоршаған заң мен әкімшілік қызметкерлері өткен-кеткендерге күдікпен қарап, куәліктерін тексеруден бас алмады. Сайлау күні дауыс бергендердің пікірін білмекке сайлау учаскілеріне барып көргенбіз. Алайда дауыс берушілер саны бірең-сараң екенін аңғардық. Оның ішінде көбінің таңдауы «ADAL» партиясына түссе, «Nur Otan» партиясын «Бақытты отбасы», «кедергісіз келешек» және басқа да жобалары үшін қолдаймын дейтіндер де табылды.

Ал сайлауға байкот жариялағандардың қатары қалың. Олар алаңға шығып наразылыққа білдірмекболған. Сайлауға наразы білдіруге келгендер белгіленген уақытқа дейін алаңның әр шетінде бір-екіден топтасып, көзге түспеуге бекінген. Алайда бізді көрген беттен белсенділердің бірі шеру басталмас бұрын қарсылықтарының себебін түсіндіріп өтпек болды.

Сағат 11:30 шамасында Қазақстан Демократиялық партия мүшелері «30 жыл халықты алдаған билік кетсін», «жалған сайлауға қарсылық» деп жазылған плакаттармен бейбіт митингке шықты. Алайда, полиция наразылық білдіруші топты «Тәуелсіздік монументіне» жеткізбей бірден қоршауға алды. Ал «айтарым бар» деп келген қалған жұртты заң қызметкерлері алаңға кіргізбеді. Шеруге шыққандар екі жақтан наразылықтарын дауыстап жеткізді.

Төменде: «Жас Алаш» тілшілерінің сайлау күні жасаған бейне-сюжеті. «Жас Алаштың» ютуб арнасына тіркеліп сайлауға қатысты тың деректерді мына жерден көре аласыздар…

Тегтер: сайлау саясат партия бірлік мәселе оппозиция ішкі саясат реформа

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 23.01.2021, 18:15
"Мүгедек қызымды зорлады"- ашынған ана бейне-үндеу жолдады (видео)
Сайт әкімшілігі 23.01.2021, 11:20
Жатырын жат елге жалға берген қаракөздер (видео)
Сайт әкімшілігі 22.01.2021, 09:19
"Біздің тарих Мәскеудің ыңғайына жазылған" (видео)
Сайт әкімшілігі 19.01.2021, 10:30
"Сатаев - саудагер, бас серіктес - Райымқұлова"
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ 14.01.2021, 11:41
«Әр таңымызды үреймен қарсы аламыз» (видео)
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ 05.01.2021, 09:41
Үржарлық дәрігерлер Жұмахановтан жауап күтіп жүр (видео)

Аңдатпа


  • Қазақ қызы АҚШ президентінің протокол басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды
    22.01.2021, 13:10
  • «Жас Алаш» – әділдіктің трибунасы
    21.01.2021, 13:59
  • Жәнібек пен Ордаға жол жететін күн бар ма?
    20.01.2021, 09:21
  • Шағаладай шарқ ұрған шақ
    20.01.2021, 09:32
  • "Сатаев - саудагер, бас серіктес - Райымқұлова"
    19.01.2021, 10:30