Сағынтаев Алматыдағы бүлік кезінде қайда болды? (видео)

Сайт әкімшілігі

13.01.2022, 09:30

2932

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев «31 арнаның» жүргізушісі Асқар Меңдібаевқа әкімдікке шабуыл жасалып, қалада тәртіпсіздіктер басталғанда, наразылық білдірушілерге неге шықпағанын айтты. Видео Информбюро бағдарламасының Instagram-парақшасында жарияланды. 

«Бәріміз жұмыс орнында, штабта болдық. Алғашқы түні таңға жуық мәлімдеме жасадым. Келесі күндерде штабта болдық. Басты міндетім Қорғаныс министрлігі, Ішкі істер министрлігі, әкімшілік, басшылықпен байланыс орнату болды. Осы жұмыстардың бәрін үйлестірдік.

Полиция департаменті, ҰҚК департаменті және т.б. бірінші тұлғалармен байланысуға (өкілеттілік) жоқ. Барлық жұмыс менің мойнымда болды. Әр 5-10 минут сайын келіссөздер жүрді.

Бір жерде үнсіз, тыныш отырдық деген сөз жоқ. 

Қосымша күштер келіп, арнайы жасақ әкімдік пен алаңды тазартқанда, штабтағы әріптестерім әкімдік пен алаңға шықты. Сол жерде бізге оқ атты, жан-жақтан оқ жаудырды. Артымыздан қуды. Бізді күтіп отырған. Олар қайда баратынымызды білген», — деді Сағынтаев.

Әкімнің айтуынша, оқиғалар кезінде оның жүргізушісі зардап шеккен, ал «Алматы» телеарнасының жүргізушісі қаза болған.

Сағынтаев Алматы полициясының қарулы бүлікшілерге төтеп бере алмағанын, себебі олар қарусыз болғанын айтты.

"Қалада Ұлттық ұлан, полиция және әскери курсанттар болды. Олардың ешқайсында қару болған жоқ. Оларда қалқандар, кейбірінде таяқтар, көпшілігінің қолында ештеңе болмады. Олар дыбыс шығаратын гранаталарды қолданды, болды...", — деп түсіндірді әкім.

Тегтер: митинг Жаңаөзен Алматы Ақтау Атырау Маңғыстау Қызылорда Қарағанды Орал газ көгілдір отын құқық қоғам

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 21.01.2022, 15:00
Өнерпазы қалаға сабылған ауыл тұрғындары қашан клубқа жариды?
Сайт әкімшілігі 20.01.2022, 15:06
Алаңдағыларға қару таратқандар ұсталды (видео)
Әділ АҚЫЛБАЙ 20.01.2022, 08:48
Алматыны «терроризм астанасы» етпек болды
Сайт әкімшілігі 19.01.2022, 13:00
Алматыда терроризмге қарсы операцияға байланысты кейбір көше жабылды
Сайт әкімшілігі 18.01.2022, 14:13
"Басынан қан ағып жатқанын көргенде айғайлап жібердім" - 12 жастағы баланың анасы
Сайт әкімшілігі 18.01.2022, 10:09
Қазақстанда коронавирус жұқтыру дерегі 19,6 есе артты

Аңдатпа


  • Байлар 30 жыл «жиып-тергенін» «Қазақстан халқына» қия ма?!
    20.01.2022, 08:50
  • Біреуге бас қайғы, біреуге «мал» қайғы
    20.01.2022, 08:49
  • Алматыны «терроризм астанасы» етпек болды
    20.01.2022, 08:48
  • Қазақстанда билік төңкеріледі - үндістандық көріпкел Арченаның айтқаны келді
    19.01.2022, 00:00
  • «Аш адам ұрысқақ келетінін» ұмытпасақ екен...
    19.01.2022, 08:48