Саябақтағы төбелестен кейін шенеуніктер жазаланды (видео)

Арайлым ЕРКЕБАЕВА

02.06.2021, 16:19

2744

1 маусым балаларды қорғау күні Қарағанды қаласында ерекше қарқынмен атап өтілді. Саябақ басшылығы балақайлар құрметі үшін төрт түрлі ойын атракционын тегін етіп қойған еді. Орталық саябақта бұл күнде жұрт қарасы көп болып, қараша халық коровирусты бір сәтке естерінен шығарып алғандай болды.

Тегін ойын атракционына таласқан екі баланың анасы жұрт көзінше қып- қызыл төбелес жасады. Саябақтағы төбелес лезде әлеуметтік  желі арқылы жұртқа тарап кетті. Енді бүгін облыс әкімі ойын атракционын тегін қойған саябақ басшысы мен карантин талаптарының сақталуын қадағаламаған қала басшылығындағы шенеуніктерді жазалады. 

«Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек Орталық саябақтағы карантиндік талаптардың бұзылуына қатысты бірнеше шенеуніктердің жазалануына тапсырма берді. Саябақ басшысы және қала әкімдігіндегі осы күні жауапты болған шенеуніктер тұрғындардың санитарлық  қауіпсіз жағдайда дем алуына мүмкіндік жасай алмады. Осы келеңсіздіктің орын алуына жол беріп алған жауапты тұлғалар қатаң жауапкершілікке тартылды. Қарағанды қаласы әкімінің екі орынбасары Нұрлан Бикенов пен Халел Акимжановқа  және мәдениет  бөлімінің  бастығы Баян Нұртаеваға сөгіс жарияланды. Саябақ басшысы Мадина Аширова жұмыстан шығарылады »,- деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Тегтер: карантин шектеу коронавирус қауіп

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 18.05.2021, 08:55
«Жас Алаш» бастап, қазақтың Дәулеті қостап, бес бала үйлі болды (видео)
Сайт әкімшілігі 10.05.2021, 09:53
Үш вакцинаның қайсысы тиімді? (видео)
Сайт әкімшілігі 03.05.2021, 14:15
Оралда саябақтағы әткеншек істен шығып, 8 бала жарақаттанды (видео)
Сайт әкімшілігі 03.05.2021, 12:00
«10 мың АҚШ доллары – жеке жинағым»: Жолманова мәлімдеме жасады (видео)
Сайт әкімшілігі 03.05.2021, 11:05
Шекарадағы қақтығыс: Қанша адам қаза тапқаны туралы мәлімет пайда болды (видео)
Сайт әкімшілігі 23.04.2021, 11:45
Алматы әкімдігі ұлттық құндылығымызды неге қорлап отыр?! (видео)

Аңдатпа


  • Кім кінәлі?: Жауап берсін!
    11.06.2021, 11:11
  • Ресей деградацияға ұшырауда
    10.06.2021, 10:33
  • Түнгі жол (Әңгіме)
    08.06.2021, 12:00
  • Жеңсең, жүз атаң табылар еді...
    08.06.2021, 10:30
  • Қазақ тілінде оқымаған бала ұлттың ұлы бола ала ма?
    03.06.2021, 09:02