Сенат спикері Әшімбаев көшіп келіп жатқан ресейліктер туралы сұраққа жауап берді

Сайт әкімшілігі

22.09.2022, 18:30

1325

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев Қазақстанға келіп жатқан Ресей азаматтары туралы айтты. 

«Аз мөлшерде ресейліктер келіп, тұруға ықтиярхат сұрай алады. Егер ресейліктер келіп, кейін кеткісі келсе, біраз уақыт осында қандай да бір іспен айналысқысы келсе — ешқандай сұрақ туындамауы керек, біз шектеу қоя алмаймыз», — деді Мәулен Әшімбаев журналистер сұрағына жауап беріп.

Ол барлық көші-қон мәселесін тиісті заңдар реттейтінін баса айтты.

«Егер азамат Қазақстанның мемлекеттік органдарына келіп, тұруға ықтиярхат сұраса, онда дайындауы тиіс құжаттар тізімі бар. Бұл құжаттардың ішінде ол адам келген мемлекеттің келісімі туралы тармақ бар. Бұл біздің заңдарда анық жазылған. Егер мемлекет азаматқа кетуге рұқсат бермей, бірақ ол бір амалын тауып келсе, Қазақстан оған тұруға ықтиярхат бере алмайды. Келісім — бұл кету парағы, оған қажетті қолдар қойылған және мөрлер болуы керек», — деді Сенат спикері.

Еске салайық, 21 қыркүйекте Ресейде ішінара мобилизация жарияланған болатын. Ресей билігі армияға 300 000 запастағы әскериді шақыруға ниетті.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 04.05.2023, 18:00
Алматы тұрғыны арыстанның бес айлық екі күшігін заңсыз асыраған
Сайт әкімшілігі 22.04.2023, 09:07
Соғысқа өз еркіммен келдім: Ресей жасағына қосылған қазақ студенті үндеу жасады
Сайт әкімшілігі 19.04.2023, 10:40
13 градус аяз және қар жауады
Сайт әкімшілігі 12.04.2023, 17:53
Назаров "жастарды тәрбиелеуді" бастап кетті (видео)
Сайт әкімшілігі 10.04.2023, 10:23
"Ақтөбе" мен "Ордабасы" жанкүйерлері жаппай төбелес шығарды
Сайт әкімшілігі 10.04.2023, 07:47
Шымкентте автобус апатынан қаза тапқандар саны 5 адамға жетті

Аңдатпа


  • Келген қазақ құжатсыз, туған бала тұрақсыз
    26.05.2023, 10:25
  • Қазақтың жерін саудалап жүрген кім?
    26.05.2023, 09:51
  • Құқығың бұзылса, депутатқа айтасың, депутат бұзылса, кімге айтасың?
    26.05.2023, 09:13
  • Ғинияттың 207 мың кемшілігі
    25.05.2023, 10:00
  • Орталық Азияның «отағасы» кім?
    25.05.2023, 09:31