Шекарадағы қақтығыс: Қанша адам қаза тапқаны туралы мәлімет пайда болды (видео)

Сайт әкімшілігі

03.05.2021, 11:05

8831

Тәжікстан билігі Қырғызстанмен шекарада болған қақтығыста қаза тапқандар туралы ресми ақпарат бермеді. Алайда жергілікті басылымдар 2 мамыр кешкі уақыттағы жағдай бойынша, 16 қаза тапқанын хабарлады. 110-нан аса адам жарақат алған, оның ішінде Исфара қаласының мэрі де бар, — деп хабарлайды Sputnik Тәжікстан.

Басылым мәліметінше, әзірге расталмаған ақпарат бойынша, Тәжікстан тарапынан қаза тапқандар саны 20-ға жетуі мүмкін, ал жарақат алғандар саны 160 болуы мүмкін.  

Қаза тапқандардың бірі — шекара әскерінің сержанты Хасан Сафаралиевич Акбаров. Ол Исфара қаласының мэрі Баховаддин Баходурзодты снайпердің оғынан құтқарып қалған екен. 

Қаза тапқандар ішінде 26 жастағы сарбаз Мухаммадулло да бар. Ол Тәжікстан Қарулы күштерінде үлгілі тәртіппен қолбасшы лауазымында қызмет етті. Мухаммадулло Рамазан айынан кейін үйленбек болған. 

Сонымен қатар, тәжік-қырғыз шекарасындағы қақтығыс кезінде қаза тапқан Тәжікстанның алғашқы қарулы күштерінің әскериінің есімі белгілі болды. Ол — 28 жастағы Гадоев Салохиддин Рахмоналиевич. Әскеридің артында кәмелетке толмаған үш баласы қалды. Бұл туралы оның туыстарының бірі Facebook желісінде жазған. Гадоев Қырғызстан шекарасына жақын жерде оқ тиіп, қаза тапты.

Одан бөлек, Радио Озоди қаза тапқан 15 адамның аты-жөнін анықтады. Оның ішінде, жеті әскери адам және сегіз қарапайым азамат. 

30 сәуірде Исфара қаласының Чоркух ауылды жерінде екі әскеридің — 26 жастағы Хикматулло Махкамов пен Иброхимхон Хошимзоданың жерлеу рәсімі өтті. 

Тегтер: саясат пайым пікір билік мансап лауазым

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Арайлым ЕРКЕБАЕВА 02.06.2021, 16:19
Саябақтағы төбелестен кейін шенеуніктер жазаланды (видео)
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 18.05.2021, 08:55
«Жас Алаш» бастап, қазақтың Дәулеті қостап, бес бала үйлі болды (видео)
Сайт әкімшілігі 10.05.2021, 09:53
Үш вакцинаның қайсысы тиімді? (видео)
Сайт әкімшілігі 03.05.2021, 14:15
Оралда саябақтағы әткеншек істен шығып, 8 бала жарақаттанды (видео)
Сайт әкімшілігі 03.05.2021, 12:00
«10 мың АҚШ доллары – жеке жинағым»: Жолманова мәлімдеме жасады (видео)
Сайт әкімшілігі 23.04.2021, 11:45
Алматы әкімдігі ұлттық құндылығымызды неге қорлап отыр?! (видео)

Аңдатпа


  • Кім кінәлі?: Жауап берсін!
    11.06.2021, 11:11
  • Ресей деградацияға ұшырауда
    10.06.2021, 10:33
  • Түнгі жол (Әңгіме)
    08.06.2021, 12:00
  • Жеңсең, жүз атаң табылар еді...
    08.06.2021, 10:30
  • Қазақ тілінде оқымаған бала ұлттың ұлы бола ала ма?
    03.06.2021, 09:02