Шенеунік Қарағандыда 500 адамға той жасаған (видео)

Арайлым ЕРКЕБАЕВА

09.08.2021, 09:30

3139

Қарағандыда белді мейрамхананың бірінде жер қатынастар басқармасы басшысының қызын ұзатуы әлеуметтік желіде шу болды. 

«Ариста» мейрамханасында өткен той әлеуметтік желіге тарап біраз шу көтерген. Өзін қоғам белсендісі санайтын Руслан Лазутаның хабарлауынша бұл жерде жер қатынастар басқармасының басшысы Қалел Мақсұтов қызының ұзату тойын өткізген.

Русланның пайымдауынша той туралы бейнежазбаны желіге салған соң полиция сол жерге барған. Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметі сұрау салғанымызда бұл іске қатысты мәлімет тексеріліп жатқанын айтты.

Егер аталмыш шенеуніктің тойға қатысты кінәсі анықталса, карантин режимі бұзылса оны жұмыстан шығаруға дейін жаза қолданылады. Санитарлық іс шаралардың бұзылуына байланысты той тоқтатылған.

«Ал іс шараны ұйымдастырушыларға айыппұл салынады» деп мәлімдеді Қарағанды облысы әкімінің баспасөз хатшысы Марина Шаповалова.

Ал Қарағандыда өткен тәулікте 1050 адам короновирус сырқатын жұқтырған.

Тегтер: медицина коронавирус ПТР тест анықтама

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 29.11.2021, 09:04
Ақмола облысында спирт зауытының 200 адамы жұмыссыз қалды (видео)
Сайт әкімшілігі 24.11.2021, 11:30
Үш баламен терезеден секірген әйелдің ата-енесі келіні жайлы айтты (видео)
Сайт әкімшілігі 22.11.2021, 09:24
Коронавирусқа қарсы ревакцинация басталды
Сайт әкімшілігі 08.11.2021, 10:50
#Qazaqstan30: Алматы облысы індеттің алдын алуда алда келеді
Сайт әкімшілігі 08.11.2021, 09:05
Ақтауда жойқын жарылыс (видео)
Сайт әкімшілігі 28.10.2021, 08:45
Пенжім ауылындағы жаппай төбелес (видео)

Аңдатпа


  • Жастармен бірге тыныстайтын басылым
    30.11.2021, 18:08
  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    26.10.2021, 11:14