Шолақайдағы қызды зорлап өлтіру қылмысының тергелуін облыстың полициясы өз бақылауына алды

Сайт әкімшілігі

01.08.2022, 08:42

1059

Жетісу облысы Панфилов ауданына қарасты Шолақай ауылында болған жантүршігерлік қылмыстың тергелуін облыстың Полиция департаменті өз бақылауына алды деп хабарлайды Департаменттің баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, қоғамдық резонанс туғаннан кейін елдімекенге қосымша күштік құрылымдар тартылған. Ауданда полиция күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Ауылдағы тәртіп полиция бақылауында.

«Әлеуметтік желілерде аталған оқиғаға байланысты жалған ақпарат тарап жатыр. Бұл өз кезегінде халықтың ашу-ызасын тудырып, құқық қорғау органдарына деген сенімсіздікті оятады. Сондықтан, жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершіліктің бар екенін ескертіп, азаматтарды тек ресми деректерге сенуге шақырамыз», — делінген Жетісу облыстық Полиция департаменті таратқан хабарламада.

Еске салайық, Шолақай ауылында 15 жастағы жеткіншекті зорлап өлтіріп, кейін қылмысын жасыру үшін мәйітті өртеп көміп тастаған күдікті ұсталды. Ол 38 жастағы жергілікті тұрғын. Бұған дейін де зорлау қылмысы бойынша сотталған. «Время» басылымының жазуынша, түрмеде тәртібі жақсы болғаны үшін қылмыскерді уақытынан бұрын бостандыққа шығарған.

Қазіргі таңда 1984 жылғы күдікті қамауға алынды. Оның үстінен «адам өлтіру», «кәмелет жасына толмаған баланы өлтіру» және «кәмелет жасқа толмаған баланы зорлау» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалған. Оның қылмысынң бәрі сотта дәлелденсе ол өмір бойына бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Тегтер: сот қылмыс тергеу тексеру

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 15.08.2022, 09:25
Өскеменде аутизмге шалдыққан бала жоғалып кетті
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 12:52
Алматыда 18 жастағы жігіт туған әжесін өлтіріп, үйін өртеп кеткен
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 09:04
Алматыда 60 адам Оңтүстік Кореяға барамыз деп алданып қалды
Бифат ЕЛТАЕВА 11.08.2022, 09:02
Жастар жұмыссыз қалмауы тиіс
Сайт әкімшілігі 10.08.2022, 18:37
Қостанай облысында жоғалған қыздың денесі өзеннен табылды
Сайт әкімшілігі 10.08.2022, 15:50
Қостанайда жоғалған 5 жасар қыз әлі табылмады

Аңдатпа


  • "Төбесі құлап жатыр". Талғарда 3 миллиард теңгеге салынған мектеп төңірегінде дау туды
    15.08.2022, 08:58
  • Қасақана өртеді: Тараздағы әскери бөлімдегі жарылысқа қатысты тың дерек шықты
    12.08.2022, 08:47
  • «Үйдің жыртығын жамау мүмкін емес»: Елордада 50 жыл болған жатақхана құлағалы тұр
    11.08.2022, 09:04
  • Смайыловтың Президентке ұсынған болжамы дөп келе ме?
    10.08.2022, 09:37
  • «ЭКСПО-2017»: Миллиардттарға салынған мақтаулы нысандар су астында қалды
    09.08.2022, 08:49