22.04.2023, 09:07
5939
Ресейдегі «Вагнер» жеке әскери компаниясына қосылып, соғысқа аттанған қазақстандық студент видео арқылы үндеу жолдады, деп хабарлайды Жас Алаш NEGE.kz-ке сілтеме жсап.
Видеода ол өзін ешкімнің ұрламағанын мәлімдеді. Томск мелекеттік университетінде білім алып жүрген 23 жастағы Марғұлан Бекеновті "ұрлап, еркінен тыс соғысқа жібергені" туралы ақпарат тараған болатын.
«БАҚ пен әлеуметтік желіде мені ұрлап кеткені туралы жалған ақпарат тарады. Меніңше, жалған ақпаратты анам таратқан. Себебі мені қалай болса да елге қайтарып алғысы келді. „Вагнер“ компаниясына соғысу үшін, жігіттерге көмектесіп, арнайы операция кезінде үлесімді қосу үшін өз еркіммен қосылдым. Өзімді керемет сезінемін, ұжым тамаша, өзімді тапқандаймын. Маған бұл жерде ұнайды. Психологиялық және эмоционалдық тұрғыдан бәрі жақсы. Мені ешкім ұрлаған жоқ», – деді Марғұлан Бекенов.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР