Сот жүйесінде оң өзгеріс көп

Ерзия ЕРСҰҢҚАР

17.05.2022, 15:09

1156

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев билік басына келе сала, ұлықтау рәсімінде «Үшінші бағыт сот жүйесіне өзгеріс енгізу. Халық сот жүйесіне сену керек» деген болатын. Содан бері еліміздің сот жүйесінде көптеген жаңа өзгерістер орын алды. Билік басына келген сәттен бастап сот жүйесінің заманға сай жаңғыруына айрықша көңіл бөлген мемлекет басшысының саладағы барлық бастамалары халықтың сотқа сенімін арттыруға бағытталуда. Халық сеніміне лайық болуды мақсат еткен саланың да бастамалары көпшіліктің көңілінен шығуда. 

          Сот саласының әрбір мәселесіне айрықша көңіл бөлген мемлекет басшысы одан соң сот қызметіндегі бюрократияны түбегейлі жою қажеттігіне назар аударды. «Жоғарғы сот төрағасы судьялардың біркелкі жағдайда әртүрлі шешімдер қабылдайтыны жөнінде маған бірнеше рет баяндаған. Мұндай келеңсіздіктерге жол беруге болмайды. Соның салдарынан қоғамда наразылық туындап, соттардың бәрі жемқор деген жағымсыз ақпарат тарайды. Осы орайда Жоғарғы соттың нормативтік қаулылары мен сот тәжірибесіне жасалған шолуларды басшылыққа алу қажет. Сондай-ақ ІТ қызметтерінің талдау жасау мүмкіндігін пайдаланған жөн. Соттар қылмыстық процесті жүргізу барысында тергеу органдарына жалтақтамауы керек. Егер сотта мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін дәлелдей алмаса, айыптау үкімін шығаруға болмайды. Судьялар табандылық танытса, тергеу амалдары сапалы жүргізілетіні анық. Қылмыстық қудалауға түскен азаматтардың құқықтары да лайықты қорғалары сөзсіз, – деген мемлекет басшысы сот жүйесінің осы мәселелеріне қоғам назарын аудартып, шешуге тырысты. Нәтижесінде, халық игілігіне бағытталған реформаның барлығы қоғамға тез сіңісіп оң ықпалын тигізуде. Ақтау үкімдері көбейді, қоғамымызда адам құқығының қорғалу деңгейі арта түскені байқалуда. Мәселен, сот актілерін халыққа түсіндіре бастағалы бері сот шешіміне наразы халықтың саны айтарлықтай азайған. Көбінесе сот терминдері көпшілікке түсініксіз болғандықтан, сот шешімін түсінбеген халықтың шағымының көбеюі, судьялардың жүктемесінің артуы секілді жағдайлар көп кездескен болатын. Ал жаңа өзгерістің нәтижесінде бұл мәселенің оңай шешімі табылғаны  байқалып отыр.  

          Сондай-ақ соңғы жылдары сот жүйесін біліктілігі жоғары кадрлармен жедел қамтамасыз ету – Жоғарғы сот кеңесінің маңызды міндеті болып отыр. Бұл туралы мемлекет басшысы «біз судьяларға деген қалыптасқан теріс көзқарасты өзгертуіміз керек. Фемиданың барлық қызметкері заңдылықтың, сатылмайтындықтың, кәсібиліктің үстем құруына қызмет етуі тиіс. Сонда ғана біз құқықтық мемлекет және әділетті қоғам  құра аламыз», – деген еді. Қазіргі таңда судьяларды іріктеуге қатаң көңіл бөлінуде. Әділдігі «қара қылды қақ жарған» судьяларды жалпы елімізге ортақ қылу жұмыстары да сәтті жүргізілуде. Соттарды аумақпен шектемеу жобасы осының айғағы. Мәселен, өз аумағындағы сот қызметіне көңілі толмаған жағдайда кез келген қаладан сотты таңдай отырып, жалпы соттар арасындағы бәсекелестікті арттыру, бәсекелестік болғанда да олардың барынша кәсіби, өз қызметіне берілген тұлғаны анықтау мүмкіндігі де туып тұр. «Бұл ұсыныс сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді құралға айналып, бүкіл еліміздегі соттардың жүктемесін біркелкі бөлуге ықпал ететіні анық. Идея аяқ астынан пайда болған жоқ. Пандемия кезінде соттардың істерді қашықтан қарауы белгілі бір дәрежеде оның артықшылығын көрсетті. Бұл сот ісін қарау барысында уақыт пен ресурстарды айтарлықтай үнемдеу деген сөз. Жалпы соттарды аумақпен шектемеу туралы ұсыныс өте өзекті мәселе» деген болатын Қасым-Жомарт Кемелұлы. Осылайша бүгінгі күні нағыз әділ судьяның халық таңдауына ие болуы үшін, өз абыройын сақтау мақсатында адал қызмет етуге жүйенің өзі итермелеп отырғаны байқалып отыр.

Жалпы саладағы әрбір өзгеріске мемлекет басшысының көңіл бөліп, барлық мәселені тілге тиек етіп отыруы саланың уақыт сұранысына сай жетілуіне айрықша ықпал етіп отырғаны сезілуде. Сот жүйесі туралы сөз болғанда саланың заманауи ақпараттық технологияларды пайдалануға тез бейімделіп келе жатқанын айтпай кетуге болмайды. Қасым-Жомарт Тоқаев сот жүйесіне жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану мәселесіне де көңіл бөлуде. «Соттар заманауи технологиялардың барлық жетістіктерін пайдалануға міндетті. Бұл орайда консервативті тәсілдерге орын жоқ. Сонымен бірге заман талабына сай технологиялық шешімдерді белсенді түрде енгізе отырып, уақыт ағымынан қалмау қажет» деген болатын мемлекет басшысы. Бүгінде салада заманауи әрі ыңғайлы жетістіктер көбеюде. Жасанды интеллект элементтерінен тұратын сот жүйесінің жаңа ақпараттық қызметі саланы заманауи ақпараттық технология заманында жаңа деңгейге көтеріп отыр. Жалпы сот жүйесі тиімді болса, қоғамда заң үстемдігі берік орнығады. Сондықтан тиімді сот жүйесін құру саланың басты мақсаты болып отыр. 

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ 24.06.2022, 16:20
Балабақшаларды лицензиялау керек пе?
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 24.06.2022, 10:43
«Халыққа қайтарылсын!»
Ғаният НАСЫРОВ 23.06.2022, 10:20
Күйіп тұрған киік мәселесі
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 22.06.2022, 13:20
Қарқаралы, Бұхар жырау, Осакаров аудандарында дала өрті өршіп тұр
Бифат ЕЛТАЕВА 21.06.2022, 15:10
Өзіңді сергек сезінгің келсе...
Айнұр ӘЛИ 21.06.2022, 13:50
Қаңғыбас итте қорған бар. Адамда ше?

Аңдатпа


  • Қазақстан азаматтығын тарату – қылмыс
    23.06.2022, 09:23
  • «Тойсаңдар, тоба қылыңдар»...
    23.06.2022, 09:20
  • Ертең «мың ұлысты Қазақстан» боп тұрмайық
    23.06.2022, 09:11
  • Аймағамбетовтың реформасы жаңа министрге үлгі бола ма?
    22.06.2022, 08:36
  • Тоғжановтың қиялы...
    22.06.2022, 08:33