"Таңертең төсектен әзер тұрамын": 8 наурызда әйелдер наразылыққа шықты (видео)

Сайт әкімшілігі

09.03.2023, 10:25

1081

Ақтөбеде 8 наурызда әйелдер 58 жастан ерте зейнетке шығу құқығын беру туралы бейбіт шеру өткізді, — деп хабарлайды Жас Алаш  «Диапазон» басылымына сілтеме жасап.

Наразылыққа қатысушылар жалпы еңбек өтілі 30 және одан да көп жылдан асқандар, екінші және үшінші топтағы мүгедектер, көп балалы ана мәртебесі бар әйелдер 58 жастан зейнетке шығуы керек деп санайды. Сондай-ақ жиналғандар мүгедек бала асырап отырған әйелдер де 58 жастан зейнетке шығуы керек деп талап қойды.

Олар 55 жастан бастап көпшілігінің денсаулығында күрделі проблемалар пайда бола бастайтынын айтты.

"Әйелдер екі ауысымда жұмыс істейді. Жұмыстан кейін бала-шағасына, күйеуіне көңіл бөліп, үйдің тазалығына, отбасына тамақ әзірлеуге жауапты болады. Мұны да ескеру керек", — дейді Ольга Смирнова.

«Мен 2017 жылға дейін құрылыста жұмыс істедім. Бірақ қазір денсаулығыма байланысты ауыр жұмыс істей алмаймын. Немерелерімді қарап үйдемін. Қазір 58-ге толдым, қыркүйекте 59 жасқа боламын. Таңертең төсектен әзер тұрамын. Тұрақты жұмысым болмағандықтан емделе алмаймын. Мұндай аурумен бізді жұмысқа кім алады? Мына аурумен неге 61 жаста зейнетке шығуым керек?», — деді Гүлнар есімді тұрғын.

«Мені „Күміс ғасыр“ бағдарламасы арқылы мәйітханаға жұмысқа жіберді, еден жууға. Олар 60 мың теңге төлейді. Ал менің жасым 60-та», — деп бөлісті Алтын есімді тағы бір тұрғын.

Жасына байланысты жұмыс табу бір мәселе болса, көбісі балалары мен туыстарының асырауына мәжбүр.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 04.05.2023, 18:00
Алматы тұрғыны арыстанның бес айлық екі күшігін заңсыз асыраған
Сайт әкімшілігі 22.04.2023, 09:07
Соғысқа өз еркіммен келдім: Ресей жасағына қосылған қазақ студенті үндеу жасады
Сайт әкімшілігі 19.04.2023, 10:40
13 градус аяз және қар жауады
Сайт әкімшілігі 12.04.2023, 17:53
Назаров "жастарды тәрбиелеуді" бастап кетті (видео)
Сайт әкімшілігі 10.04.2023, 10:23
"Ақтөбе" мен "Ордабасы" жанкүйерлері жаппай төбелес шығарды
Сайт әкімшілігі 10.04.2023, 07:47
Шымкентте автобус апатынан қаза тапқандар саны 5 адамға жетті

Аңдатпа


  • 100 қойдан 180 қозы алу синдромы немесе Бейсембаев пен Жақыпов мектепке барады
    10:12
  • Жамбыл полициясынан досың болса, қалтаңда пышағың болсын
    09:37
  • «Көше сыпырғыш әкім» көшелі брифинг өткізе алмайды
    09:01
  • Біздің жауымыз – жалған статистика
    07.06.2023, 12:30
  • «Ескерткішті Назарбаевқа қойғанда, сен де депутат болар едің»
    07.06.2023, 11:00