Тараз маңында шетелдіктер мінген автобус апатқа ұшырады: қаза тапқандар бар

Сайт әкімшілігі

13.05.2022, 09:51

1356

Жамбыл облысында автобус ірі жол апатына түсті. Салдарынан екі адам қаза тауып, ондаған адам зардап шекті, — деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға 12 мамырда күндіз Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылынан алты шақырым жерде Батыс Еуропа — Батыс Қытай тасжолында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, автобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолда келе жатқан трактор тіркемесімен соқтығысқан.

Жүргізушінің көмекшісі мен жолаушы қаза тапты. 48 адам дәрігер көмегіне жүгініп, 16 адам ауруханаға жатқызылған және төртеуі жансақтау бөлімінде жатыр.

Облыста автобуста болғандардың туыстары мен жақындарына көмек көрсету үшін сенім телефоны ашылды. Жедел желі телефондары: 8 (7262) 51-35-75, 51-41-67.

КТК телеарнасы мәліметінше, автобус Өзбекстаннан Алматыға бағыт алған. Автобуста 53 адам болған. Бәрі Өзбекстан азаматы. Оқиға кезінде автобуста сегіз газ баллоны болған. Абырой болғанда ешқайсы жарылмаған. 

Тегтер: жол апаты автобус төтенше жағдай

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 11:45
Әйелімен араздасқан қостанайлық 9-қабаттан секірмек болған
Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 08:39
Атырауда екінші қабаттан құлаған екі жасар баланың жағдай ауыр
Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 08:33
Алматыда бес су тасқыны тіркелді
Бифат ЕЛТАЕВА 19.05.2022, 18:28
Балаларды дамыту және мемлекеттің қолдауы
Әділ АҚЫЛБАЙ 19.05.2022, 09:01
Қазақстан мәдениетін өзгертетін көшпелі көрме
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 17.05.2022, 15:09
Сот жүйесінде оң өзгеріс көп

Аңдатпа


  • НӘН-байдың заманы мен зауалы
    20.05.2022, 08:09
  • Амалбек Тшанов: Бұлардың көзқұрты – колледжің жері
    20.05.2022, 08:01
  • Келесте 14 мал ұрлығына қатысы бар топ ұсталды
    23.05.2022, 10:30
  • Мусин міз бақпайды
    19.05.2022, 08:52
  • Сор болған стрестік активтер
    19.05.2022, 08:56