Тарт тіліңді мұғалімнен!

Арайлым ЕРКЕБАЕВА

06.05.2022, 05:00

1261

«Баяғы жартас сол жартас», дейтін заман өтіп барады. Білім саласында жүйе толық өзгермегенімен мұғалім мәртебесінің заңмен бекітілуі ұстаздың еркін тыныстауына мүмкіндік бергендей әсер қалдырады. Дегенмен әлі де болса, өмірде кеткен өшін мұғалімнен алғысы келетіндердің қарасы азаймай отыр. Біздің қоғамда осы мамандық иесіне деген құрметтің мардымсыз екені жасырын емес. Өткен айда Қарағанды облысында мұғалімді тілдеген және баласын сабаққа жібермеген екі ата-ана айыппұл арқалады.

Қарағанды қаласы мектептерінің бірінде баласы білім алып жүрген оқушының анасы сынып жетекшісімен ұрсып, ұстазға бірнеше рет тіл тигізген. Ол WhatsApp желісі арқылы мұғалімнің намысына тиетін сөздер жазып, оны ұзын «швабраға» теңеген. Сынып жетекшісінің бар жазығы – оқушының не себепті сабаққа келмегенін ата-анасынан білгісі келген. Шыдамы таусылған ұстаз білім саласының сапасын бақылайтын департаментке шағым түсірген. Осыдан кейін оқушының анасы қызметтік міндетін өтеу барысында педагог жұмысына құрмет көрсетпегені үшін ҚР әкімшіліктік кодексінің 409-бабы 7-6-бөлігі бойынша жазаға тартылды. Бұл бап бойынша ата-анаға 91890 теңге айыппұл салынды.

Айыппұл арқалаған екінші ата-ана Шахтинск қаласының тұрғыны. Мұнда оқушының анасы баласын тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмасын орындау үшін мектепке жібермеген. Пандемия кезінде қашықтықтан оқыған балалар бақылау жұмысын орындауға мектепке шақыртылатын-ды. «Қашықтықтан оқыған күннің өзінде балалар мектепке келіп, тоқсан бойынша жиынтық бағалауды тапсыруға міндетті болатын. Алайда ата-ана баланы мектепке жібермеген. Кейін екінші тоқсанда дәстүрлі оқу басталғанда, ол баланы мектепке оқуға жіберуге тағы қарсы болды. Оқушының білім алуға қатысты құқығы бұзылғандықтан, сот арқылы ата-анаға 42882 теңге айыппұл салынды», – деп хабарлады білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті.

Департамент өкілдері қызметтік міндетін атқару барысында ар-намысы тапталған ұстаздарға заң тұрғысынан кеңес беріп, қолдау білдіретінін мәлімдеді.

Тегтер: мектеп қылмыс оқиға

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 11:45
Әйелімен араздасқан қостанайлық 9-қабаттан секірмек болған
Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 08:39
Атырауда екінші қабаттан құлаған екі жасар баланың жағдай ауыр
Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 08:33
Алматыда бес су тасқыны тіркелді
Бифат ЕЛТАЕВА 19.05.2022, 18:28
Балаларды дамыту және мемлекеттің қолдауы
Әділ АҚЫЛБАЙ 19.05.2022, 09:01
Қазақстан мәдениетін өзгертетін көшпелі көрме
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 17.05.2022, 15:09
Сот жүйесінде оң өзгеріс көп

Аңдатпа


  • НӘН-байдың заманы мен зауалы
    20.05.2022, 08:09
  • Амалбек Тшанов: Бұлардың көзқұрты – колледжің жері
    20.05.2022, 08:01
  • Келесте 14 мал ұрлығына қатысы бар топ ұсталды
    23.05.2022, 10:30
  • Мусин міз бақпайды
    19.05.2022, 08:52
  • Сор болған стрестік активтер
    19.05.2022, 08:56