11.05.2022, 18:18
932
Синоптиктер 11 мамырдан 12 мамырға қараған түні нөсер жаңбыр, найзағай, екпінді жел секундына 20 метрге дейін жетеді деп хабарлап, дауылды ескерту жариялады.
«Болжам бойынша, жаңбыр ертең таңертеңге дейін жалғасады. Бүгін, яғни 12 мамырға қараған түнге қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды», — деді "Қазгидромет" РМК Алматы бойынша филиалының метеорологиялық болжамдар бөлімінің бастығы Дәулет Қисебаев.
Алматыда толассыз жауған жаңбырдан көшелер мен жекелеген аумақтарды су басты. Куәгерлердің айтуынша, Абай даңғылында қатты су тасқыны болған.
Алматы әкімдігі су тасқынының салдарын жою үшін мердігерлер кезекшілікке кіріскенін хабарлады. Көшелерден су өткізу және сору үшін жалпы саны 609 адам, 252 арнайы техника және 24 мотопомпа бар мобильді бригада жұмылдырылған.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР