29.07.2022, 09:46
417
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин 28 шілдеде Қарағанды облысына келіп аймақты аралады. Қарағанды өңіріне келген соң министр 52859 әскери бөліміне барып, Төтенше жағдайлар министрлігі жауынгерлік бөлімшесінің жеке құрамымен кездесу өткізді. Юрий Ильин жұмыс сапары барысында Саран қаласына барды. Саран қаласы қазіргі уақытта өнеркәсіп деңгейі өсіп келе жатқан серіктес қаланың бірі болып отыр. Кәсіпорындардың өндіріс барысында бірінші кезекте апатты жағдайды болдырмау үшін қауіпсіздік шараларын ұстанғаны маңызды екені сөзсіз. Төтенше жағдайлар министрі Саран қаласындағы «Kama TyresKZ » ЖШС шина шығаратын зауыт аумағында болып, нысанның құрылыс барысымен танысты. Осыдан кейін министр «Qaz Tehna » ЖШС автобус шығаратын зауытқа соғып мұндағы өндіріс барысын көріп мамандармен кездесті. Министрдің сапары барысында кәсіпорындарда жұмыс кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етіп барлық сақтық шараларын сақтау мәселесі қаралды. Сондай — ақ Юрий Ильин осы Саран қаласында салынып жатқан қазандықтың аумағында болып,құрылыс жұмыстарымен танысты. Жалпы Саран халқы үшін қазандықтың барлық нормаларға сай салынып пайдалануға кешіктірмей берілуі маңызды болмақ.
Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин 2023 жылғы су тасқыны кезеңіне облыстың дайындық жұмыстарын тексерді. Апатты жағдайдың алдын алу үшін оған тыңғылықты жұмыстың дайындығы мен төтенше жағдайлар қызметі мен жергілікті биліктің ұйымдасқан жұмысы қажет. Министр Шерубай — Нұра өзенінің арнасын санитарлық тазарту жұмыстарымен де танысты. Абай ауданындағы Топар бөгетін қалпына келтіру жұмыстары да министр назарына ұсынылды.
Қазіргі уақытта 2023 жылғы су тасқыны кезеңінедайындық жұмыстары ретінде алдын алу шаралары облыс аумағында белсенді түрде жүргізілуде. Нұра, Солонка және Ақбастау өзендерінің жекелеген учаскелерінде жағалауды бекіту және тереңдету жұмыстары қызу қарқынмен жүріп жатыр. Өзендердің жоспарланған учаскелерінде де санитарлық тазарту жұмыстарыда жасалуда. Өзенге тынығуға келген демалушылардың басым бөлігінің соңдарын тыңғылықты жинап жүрмеуінің салдары табиғат аясының ластануына оның ішінде өзен арналарының қоқысқа толып қалуына алып келуде.
Жұмыс сапарының екінші күні Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин ведомстволық бағынысты бөлімшелердің жеке құрамымен сондай — ақ Қарағанды облысының тұрғындарымен кездеседі.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР