06.05.2022, 10:32
1635
Мамыр айында Түркістан облысының полицейлері қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында қызмет өткерудің күшейтілген нұсқасына көшті. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 7 мамыр «Отан қорғаушы күні» мен 9 мамыр «Жеңіс күні» халық демалып жатқанда, полицейлер қызметте болады.
Тәртіп сақшылары тұрғындардың тыныштығы мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін — тәулік бойына жұмыс орындарында болуда. Күнделікті ауысыммен бекітілген қызметкерлер кезекшілікке түсіп, қылмыс не құқықбұзушылық орын алса, тікелей әрекет етіп, жауап беруде.
— Сондықтан біздің саулығымызды күзетіп жүрген тәртіп сақшыларының еңбегін елеп, әрбіріміз өз әрекетімізге жауапкершілікпен қарайық. Заңның баршаға ортақ екенін сезініп, құқықбұзушылқ пен қылмыс жасамайық. Ал егерде күмәнді жәйттің не болмаса қылмыстың куәсі, құрбаны болсаңыз, міндетті түрде 102 телефонына хабарласыңыз!-делінген департаменттің таратқан мәліметінде.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР