17.05.2022, 09:36
1247
Ұлттық музей басшылығы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді, — деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.
«Нұр-Cұлтан қаласы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің „Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі“ РМҚК лауазымды тұлғаларына қатысты „Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі“ халықаралық көрмесін өткізу бойынша Мемлекеттік сатып алу туралы шарт аясында 146 миллион теңге сомасында бюджет қаражатын жымқыру белгілері бойынша соталды тергеу жүргізіп жатыр», — делінген хабарламада.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР