«Жас Алаш» бастап, қазақтың Дәулеті қостап, бес бала үйлі болды (видео)

Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ

18.05.2021, 08:55

10878

        «Жас Алаштың» редакциясына көпбалалы аналардан, жетім-жесірден, көмекке мұқтаж жандардан хат көп келеді. Былтыр сондай бір анадан хат-хабар алдық.  Ол хатта Алматы облысының тұрғыны Кербез Таутесерова жолдасының қан қысымы көтеріліп, кенеттен қайтыс болғанын, өзінің бес баламен жалғыз қалғанын, барар жер, басар тауы жоқ екенін жазады.  Өз атыма жазылған бұл хат мені бейжай қалдырмады.  Хат мәтініндегі «Құрметті Қарлығаш Зарыққанқызы, сіз де анасыз ғой, бізге сәл де болса жүрегіңіз жібіп, көмек қолын созыңызшы» деген сөздер жүрегімді қозғамай қоймады.

       Сонымен, алдымен Кербездің жайын әбден зерттеп, расымен де, жағдайының төмен екеніне, көмекке мұқтаждығына көз жеткізіп, оған көмектесуді жөн көрдік. Қазір әлеуметтік желінің  қауқары басым уақыт. Соны ескеріп, бірнеше танымал адамға шығып, желі арқылы Кербезге қаражат сұрадық. Нәтиже біз күткендей болмаған соң, инстаграм желісінде «Әр қазаққа баспана бұйырсын» деп, «Баспанаға бағыт» жобасын елге түсіндіріп, жол сілтеп, журналист әріптесіміз Дәулет Мұқайға хабарластық.

Осылайша кейіпкерімізді бір жылдың көлемінде Дәулетке тапсырып жүрдік. «Сабақты ине сәтімен» дегендей, Рамазан айының ең соңғы жұмасында Дәулет Мұқайдың инстаграм парақшасына Кербез жайлы пост салынды. Сол күні бес сағаттың ішінде Кербез Таутесероваға халықтан 7 млн 200 мың теңге жиналды. 

       Осылайша «Dauletten» қорының мұрындық болуымен халықтан жиналған қаражатқа бес баламен жесір қалған Кербез Таутесероваға Сарыөзек қаласынан 20 сотық жері, қора-жайы бар бес бөлмелі үй және екі бұзаулы сиыр алынды.

      «Dauletten» қорының директоры Нұрсұлтан Орынбековтің айтуынша, қордың ресми тіркелгеніне 14 мамыр күні бір жыл толды. Осы уақыттан бері аталмыш қор біршама ананың көз жасын сүртіп, жетім мен жесірге баспана әперген.

     — Біз мұқтаж жандарға баспана әперіп қана қоймаймыз. Былтыр инстаграмдағы Дәулеттің оқырмандарының арқасында Мақтааралды су басқанда да сол елді мекеннің тұрғындарына 160 ноутбук сыйға тарттық. Бұдан бөлек, Дәулеттің оқырмандарының септігімен Риддердегі халыққа көмек ретінде 15 млн-нан астам қаражат жиналды. Ендігі мақсат — күні кеше ғана Риддерде өрттен зардап шеккендерге көмектесу. Жалпы, Кербезге алынған баспанамен есептегенде, биыл 33 баспана алып отырмыз. Бірінші —  Алла, екінші халықтың көмегімен осындай игі істерді атқарып отырмыз. Биыл тек қана Рамазан айында мұқтаж жандарға ел болып жиыны үш  баспананың кілтін бердік. Негізінде, Кербездің жайын бізге жеткізіп, құлаққағыс жасаған сіздерсіз. Бұл бастаманы «Жас Алаш» бастады, біз ұйымдастырдық, қаражат халықтан жиналды. Осылайша жылаған ана мен бала үйлі болды, — дейді аталмыш қордың директоры Нұрсұлтан Орынбеков. 

       Айта кету керек, бүгінде осы қордың өкілі Дәулет Мұқайға халық барынша сенеді. Ол инстаграм парақшасына салу арқылы мұқтаж жандардың жағдайын халыққа жеткізуші. Тіпті бұл азаматты халықтың басым бөлігі «қазақтың Дәулеті» деп те  атап кеткен.

      «Жас Алаштың» ұсынысын жерге тастамай, Кербезді қолдаған Дәулет Мұқай мырзаға және қор директоры Нұрсұлтан Орынбековке біз де өз кезегімізде алғыс айтамыз. Қазақтың жайын ойлайтын, елдің алғысына бөленіп жүрген осындай жанашыр азаматтар жасай берсін, өрлеп өркендей берсін демекпіз.

Тегтер: баспана мәселе тұрғын үй кешен тұрғындар

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 29.11.2021, 09:04
Ақмола облысында спирт зауытының 200 адамы жұмыссыз қалды (видео)
Сайт әкімшілігі 24.11.2021, 11:30
Үш баламен терезеден секірген әйелдің ата-енесі келіні жайлы айтты (видео)
Сайт әкімшілігі 22.11.2021, 09:24
Коронавирусқа қарсы ревакцинация басталды
Сайт әкімшілігі 08.11.2021, 10:50
#Qazaqstan30: Алматы облысы індеттің алдын алуда алда келеді
Сайт әкімшілігі 08.11.2021, 09:05
Ақтауда жойқын жарылыс (видео)
Сайт әкімшілігі 28.10.2021, 08:45
Пенжім ауылындағы жаппай төбелес (видео)

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» пен жаңа ұрпақ
    12:29
  • Жастармен бірге тыныстайтын басылым
    30.11.2021, 18:08
  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00