«Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)

Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ

24.11.2020, 15:57

1369

Тарбағатай ауданына қарасты Тұғыл ауылының халқы Зайсан көлінің жағасында отырса да ішер суға зар болып отырғаны жөнінде «Жас Алаш» сайтында жазған болатынбыз.  Онда 3 мыңнан астам тұрғыны бар тұғылдықтардың жанайқайы жеткізілген еді.

Ал апта басынан бері Тұғыл ауылында ауыз су мәселесі шешімін тауып, көл жағасында отырған жұрт «шөлден» шыққанын айтып, қуаныштарын әлеуметтік желіде бөлісіп жатыр.

Қазіргі күнде Тұғылдың ішкі әлеуметтік жағдайы да оңалып, тұрмысы түзеле бастаған жайы бар. Атап айтқанда, «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы аясында биыл ауылды көркейту, тұрғындардың өмір сүру жағдайын жақсарту мақсатында аудандық, республикалық бюджеттен ауқымды қаржы бөлінген. Осы тұрғыдағы  ірі жобалар қолға алынып, ретімен орындалу үстінде. Атап айтсақ, 1960 жылы салынған Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебіне «Ауылым – ел бесігі» бағдарламасы аясында облыс әкімдігінің қолдауымен 261 млн. 528,907 мың қаражат бөлініп, толықтай күрделі жөндеуден өткен.

Сондай-ақ, аталған бағдарлама аясында  83 млн. 600 мың теңгеге Желтоқсан, Алтынсарин, Уәлиханов көшелеріне асфальт төселген.

      «Жол картасы» аясында «Жасұлан» балабақшасының толықтай күрделі жөндеуден өтуіне 13 млн. 186 мың теңге жұмсалған. Осы бағдарлама аясында Тұғыл орталық спорт алаңына (25 млн. 395 мың теңгеге) жасанды жамылғы төселсе, «Ауылым — ел бесігі» бағдарламасы бойынша 83 млн. қаржыға Тұғыл мәдениет үйіне де күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Алдағы уақытта тұғылдықтар ауыл келбетінің жақсаратынына сенімді. Ауылдың негізігі мәселелері аудан басшысы Асхат Смайыловтың да басты назарында.

 

Тегтер: ауыз су тапшылық ауыл құбыр мәселе тұрғындар уәде әкім әкімдік

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 23.01.2021, 18:15
"Мүгедек қызымды зорлады"- ашынған ана бейне-үндеу жолдады (видео)
Сайт әкімшілігі 23.01.2021, 11:20
Жатырын жат елге жалға берген қаракөздер (видео)
Сайт әкімшілігі 22.01.2021, 09:19
"Біздің тарих Мәскеудің ыңғайына жазылған" (видео)
Сайт әкімшілігі 19.01.2021, 10:30
"Сатаев - саудагер, бас серіктес - Райымқұлова"
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ 14.01.2021, 11:41
«Әр таңымызды үреймен қарсы аламыз» (видео)
Сайт әкімшілігі 13.01.2021, 07:19
Садаға кеткен сайлау (видео)

Аңдатпа


  • Қазақ қызы АҚШ президентінің протокол басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды
    22.01.2021, 13:10
  • «Жас Алаш» – әділдіктің трибунасы
    21.01.2021, 13:59
  • Жәнібек пен Ордаға жол жететін күн бар ма?
    20.01.2021, 09:21
  • Шағаладай шарқ ұрған шақ
    20.01.2021, 09:32
  • "Сатаев - саудагер, бас серіктес - Райымқұлова"
    19.01.2021, 10:30