Жастар жұмыссыз қалмауы тиіс

Бифат ЕЛТАЕВА

11.08.2022, 09:02

766

Қоғамның негізгі қозғаушы күші – жастар болғандықтан, жастарға әрқашан көңіл бөлу маңызды. Осыған сәйкес, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт  Тоқаев жастарға ерекше көңіл бөліп, 2019 жылды «Жастар жылы» деп те атаған болатын.

Ал еліміздегі жастарға жасалған жағдайларға келсек, біріншіден, жастардың жұмыссыздығын жою ең маңызды жоспарлардың бірі саналады. Сол себептен, жастардың жұмыссыздық деңгейін жою мақсатында елімізде «Дипломмен ауылға!», «Бизнестің жол картасы», «Жұмыспен қамту – 2020», әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру жолында «7 –20 –25» бағдарламасы сынды бірнеше бағдарламалар қолға алынып, еліміздің өңір-өңірлерінде жүзеге асырылып келеді. Сонымен бірге, жастарға барлық салалар бойынша көмектесіп, қолдау көрсетіп келеді. Бұндай жұмыста  мемлекеттік деңгейде іске асырылып келеді.

Жастарды жұмыспен қамту біріншіден, қылмыстың, ұрлықтың азаюына және жастардың теріс діни ағымдарға еріп кетуінің азаюына алып келеді. Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың Жолдауында да осы мәселелер басты назарға алынған. Яғни, Жолдауда мектептен бастап оқушылардың қабілетін айқындап, кәсіби бағыт-бағдар беруге көшу тапсырмасы орынды берілген. Сондай-ақ дарынды ауыл жастарын іріктеп, қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарын дайындау, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға қолдау көрсету туралы Президент тапсырмасында нақты айтылған.

Сол себептен де, жастардың жұмыссыз қалмауы үшін еліміздің түкпір-түкпірлеріде «Жұмыспен қамту орталықтары» жұмыс істеп тұр. Ал жұмыссыз жас ретінде тіркелу үшін алдымен, жұмыссыз ретінде тіркелу рәсімінен өту маңызды. Яғни, бұл жағдайда алдымен, концультациялық және ақпараттық қызметтерді ала білуі тиіс.

Екіншіден, лайықты жұмыс іздеу қызметтері бойынша рәсімнен өтеді. Сонымен қатар төмендегі шарттар бойынша жұмыссыз жастар осы рсімдерге сәйкес әрекет етуі тиіс. Яғни, төмендегі жағдайлар:

  • Мемлекет қаржыландыратын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға бағыт алу;
  • Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау бойынша қызметтер;
  • Еңбек нарығының бірыңғай ақпаратық базасына сәйкес, өзі туралы мәліметтерді алуға;
  • Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы болып табылған жағдайда, жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемдерді алуға;
  • Сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмек алуға;
  • Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруы болуы маңызды.

Осы орайда, жұмыссыз жастар «Мәңгілік ел жастары – индустрияға», «Серпін – 2020», «Дипломмен ауылға», Жасыл ел», «Жастар практикасы», «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім», «Жас кәсіпкер», «Бастау – бизнес» бағдарламалары арқылы жұмысқа олрналасу мүмкіндіктері бар. және бұл бағдарламаларды толық білгісі келгедер қалалық және аудандық Жастар ресурстық орталықтарының көмегіне жүгіне алады. Сондай-ақ www.eljastary.kz сайтында Жастарға арналған мүмкіндіктер бөліміндегі «Жастарды мемлекеттік қолдау бағдарламалары арқылы таныс бола алады.

Жоғарыдағы аталған бағдарламалардан бөлек, жұмыссыз жастарға арналған арнайы порталдар мен сайттар да ашылған. Мысалыға, өздігінен жұмыс іздеуге арналған сайттардың қатарына:

  • Электронды еңбек биржасы яғни, www.enbek.kz сайты арқылы жұмыс табуға мүмкіндер қарастырылған. 

Ал порталдарға:

  • www.rabota.kz
  • www.hp.kz
  • www.naimi.kz
  • www.hipо.kz порталы кіреді. Сонымен бірге, жұмыс, бос жұмыс орындарына арналған бағдарламалар мен кәсіби қауымдастық www.linkedin.com арқылы да жастар өз бетінше қалаған жұмыс орындарын таңдап, түйіндемелерін жібере алады. Сондықтан да елімізде жұмыссыздықпен күресу басты назарда саналады. Бұл жөнінде Ел президенті Қасым Жомарт Тоқаев «Жастарды жұмыспен қамту қазіргі таңда басты мәселе. Әрі бұған назар аударатын кез келді. Әрі жыл сайын еңбек нарығына үш жүз мыңға жуық жастар шығады. сол себепті де, Қазақстанда өскелең ұрпақтың, соның ішінде еңбекке жарамды жастардың өзін-өзі дамытуына жағдайлар жасалынып жатыр. Соған қарамастан жастарды жастарды жұмыспен қамту мәселесі толық шешілмей келеді. Яғни, еліміздің кейбір аймақтарында жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі еліміздегі орташа көрсеткіштен айтарлықтай жоғары болып тұр. Мысалыға, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Алматы, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары бар. Үкімет және облыс әкімдері осы мәселеге айрықша назар аударуға тиіс. Әрі соған орай, жыл соңында тиісті қорытындысын шығарамыз» деген болатын. Мемлекет басшының айтқан сөзіне қарай, елімізде жақсы бастамалар көтеріліп, айтарлықтай көптеген бағдарламалар ашылып келеді. Әрі бағдарламаға сай    жастардың көбі дерлік жұмыспен қамтылған. Мемлекет басшысының осы мәселелерге өзі араласып, нақты пәрмен беруі дұрыс деп санаймыз. Сондай-ақ Президент бір сөзінде «Адам капиталын дамыту ісінде білім саласы негізгі рөл атқарады» деп атап өткен болатын. Сол себептен де, біз білім беру деген сөзді білім алу деген сөзбен өзектендіруіміз керек. Білімге алдымен білім алушы құштар болғаны қажет.

Жұмыспен қамту мәселесі әрқашанда өзекті мәселе болғандықтан, елімізде атқарылар шаралар да көп болмақ. Мәселен, осы орайда, жастарды «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша ауылды жерлерде жұмыс істеуге тартып, баспанамен қамтамасыз ету басты жағдай саналады. Сондай-ақ агробизнес, диханшылық салаларына да аса қатты көңіл бөлініп келеді. Себебі, қалалық жерлерден жастардың барлығын дерлік жұмыспен қамту мүмкін емес. Әрі урбанизацияны дамытуа мақсатында ауылды жерлерді көркейтуге жастардың да еңбегі қажет. Сол себептен де, ауылды жерлерге керекті басты мамандықтар медицина, оқу-білім, агробизнес, егіншілікке қатысты мамандықтар басты саналады. Осыған сәйкес, Мемлекте басшысы да аса аназар аударып, жергілікті әкімдіктерге біршама тапсырма берген болатын. енді алдағы уақытта жастардың ауылды жерде не қалалық жерде болмасын мәселесі шешімін табар деп сенеміз.

Сонымен қатар жұмыссыздықты азайту мақсатында елімізде 2022-2026 жылдарға арналған «Еңбек 2.0» бағдарламаласы яғни ұлттық жоба әзірленді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында Министрлер Кабинетінің мүшелерін Мемлекет басшысының халықты жұмыспен қамту саласындағы тапсырмаларының орындалуы туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов хабардар еткен болатын. Сондай-ақ ол экономикалық өсімді қалпына келтіру жөнінде айта отырып, қазақстандықтардың нақты табысын арттыру басты мәселе екенін ерекше атап өткен еді.

Одан бөлек Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов: «Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындай отырып, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі биылғы жылдың соңына дейін «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына мемлекеттің және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қатысуымен микроқаржы ұйымдарын құруға қатысты өзгерістер енгізуді жоспарлап отырмыз. Және жергілікті атқарушы органдар мен «Атамекен» ҰКП және қатысуымен микроқаржы ұйымдары соңғы қарыз алушыларға номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық алты пайыздан аспайтын микронесиелер беретін болады» деген еді. Сонымен қатар министр жастардың еңбекшарттарын есепке алу бойынша бірнеше рет қайта енгізуге мен  еңбек шарттарын тіркеуге қатысты келеңсіздіктер тудырмау мақсатында жұмыс жүргізіп жатқанын айтты. Және жұмысқа орналастыру туралы деректерді автоматты түрде қайта тексеруге мүмкіндіктерді қамтамасыз ету үшін Қаржы министрлігі міндетті зейнетақы жарналарының түсімдері мен автоматтандырылған бақылау орнату бөлігінде, сонымен бірге Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қазақстандық қамту бөлігінде әлі де жұмыстар жасалынатындығын пысықтаған болатын. Осыған орай, ендігі  жастарымыз жоғарыдағы аталған талаптарға сәйкес, жұмыс орындарын табуда келеңсіздіктер мен түсініспеушіліктерге ұрынбасы анық деп сенеміз.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еркежан АРЫН 23.09.2022, 17:17
Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы қызмет сын көтере ме?
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 23.09.2022, 13:32
Спорт – ұлтты танытудың бір жолы
Сайт әкімшілігі 22.09.2022, 18:30
Сенат спикері Әшімбаев көшіп келіп жатқан ресейліктер туралы сұраққа жауап берді
Сайт әкімшілігі 22.09.2022, 13:01
Алаяқтыққа жол жоқ
Сайт әкімшілігі 19.09.2022, 16:00
Алматыдағы "Атакентте" студенттер төбелес шығарды
Сайт әкімшілігі 19.09.2022, 15:01
Астанада Қайрат Сатыбалдыұлының ісі бойынша сот басталды

Аңдатпа


  • Безбүйрек үкімет. Қуыршақ депутат. Таңдаусыз сайлау
    23.09.2022, 08:47
  • Жемқорларға жем болған Қазақстан
    23.09.2022, 08:42
  • Аймағамбетовтің құлағына «Алтын сырға»
    23.09.2022, 08:37
  • 25 қазан ұлттық мереке: Парламент заң қабылдады
    22.09.2022, 13:38
  • Әкімді әйел билесе...
    22.09.2022, 08:41