Жастарды қолдау – келешектің іргесін қалау

Бифат ЕЛТАЕВА

30.07.2022, 09:37

313

Қазақстан қайырымдылық жасау бойынша алда келе жатқан мемлекеттердің бірі. Әсіресе, қайырымдылықты жасауда көзге түсіп жүргендердің дені жастар.

Осы орайда, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жастарға, еріктілерді ынталандыру мақсатында көптеген мүмкіндіктер қарастырған болатын. Ел президентінің бастамасымен жастар мен волонтерлар тарапынан өңір-өңірлерде көптеген шаралар жүргізіліп келеді. Мәселен, Asar Ume  қоры Asar Joly қайырымдылық марафонын бастап, Қазақстанның барлық ірі қалаларын арай отырып, жағдайы нашар, баспанасыз 50 отбасыға баспана сыйлауға ниеттенуде. Соған орай, ең бірінші марафон елордада бастау алып, 20 шілде күні еріктілер Қарағандыға келіп, арнайы форум өткізген болатын. форум аясында Asar Ume  қайырымдылық қорының ерікті түрде жасап жатқан қайырымдылық шараларын айтып өткен абзал. Жақында ғана аталған қор бес баланы жалғыз тәрбиелеп отырған қарағандылық көпбалалы әйел Евгения Васильевнаға баспана сыйлады.  Сондай-ақ ерікті кәсіпкерлер баспаналы болған әйелге техникалық құралдармен кілем, және жаңа қонысқа көшуге кететін шығындарына ақша жинап беріп, бір қуантқан болатын. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің мүшесі, Asar Ume  қорының басшысы Асхат Нұрмашев қайырымдылыққа қатысты атқарылып жатқан жұмыстары жөнінде айтқан болатын. Оның айтуынша, «Ұзындығы 20 мың шақырым болатын бұл турда біз елуге дуық отбасыны тұрғынүймен қамтамасыз етуге тырысамыз. Ондағы басты мақсатымыз – адамдарды масылдық күйден арылтып, оларға сенім ұялату арқылы білім беру, жұмысқа орналастыру,  кәсіпкерлік мәселелерінде көбірек мүмкіндіктер беру болып саналады» дейді. Бұған дейін Asar Ume  қайырымдылық қоры Қарағанды облысы бойынша он отбасыны, Қазақстан бойынша төрт жүзден астам отбасыны  тұрғын үймен қамтамасыз еткен екен.

Дәл осы секілді ерікті жастар мен ерікті кәсіпкерлердің жасап жатқан қайырымдылық істерін қашанда оқырманға насихаттап отыру артық емес. Себебі, қазіргі қымбатшылық заманда біреудің біреуге қолұшын созып, көмектесуі нағыз ерлік. Сол себепті Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та жастарға айрықша көңіл бөліп, арнайы бағдарлама шығарған еді. Осыған орай,  өңір-өңірлерде «Жастар кәсіпкерлігін дамыту және қолдау туралы» және «Жастардың өзін-өзі басқару органдары мен студенттік қоғамдастықтарды дамыту туралы» кеңестер де өткізіліп тұрады. Мәселен, Қарағанды қаласында жастар жөніндегі кеңес осы тақырыптар бойынша арнайы жұмыс жүргізіп, облыстық жастар саясаты мәселелері жөнінде қалыптасқан проблемаоһларды ашық көрсету және оны шешу жолдарын қарастырған болатын. жауапты мемлекеттік қызметкерлердің ұсынған өтінімдерінен соң, ұсыныс-пікірлер бөлімінде қарастырылды. Нақтырақ айтқанда, NEET, маргинал және өзге де санаттағы жастарға жоғары оқу орындарының құзыреттілігін пайдалана отырып, дайын бизнес-жобалар бойынша пул әзірлеп, арнайы мобильді платформалар арқылы жастардың мүмкіндігін кеңейту болатын. Сонымен қатар Ұлытау жастары үшін арнайы облыс әкімдігінен гранттар бөлу болатын.

Дәл осы жастар грнатына қатысты мәселе Маңғыстау өңірінде де жарияланған болатын. Нәтижесінде, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен Маңғыстау өңірінің  жастар саясатындағы жұмысын көрсетуде бірнеше грант ұсынылды. Соған орай «Маңғыстау жастары» жастар интернат телеарнасы мен арнайы порталдар өз жұмыстарын бастап кетті.

Тағы бір айта кететін жайт, Аманат партиясы «Жастар рухы» Жастар қанатының кезектен тыс VI сьездінде Дәулет Мұқаев «Ақыл батыл – Aqyl Battle» деген жастарға арналған эрудициялық ойынның қосымшасын таныстырып өтті. Одан бөлек, балалар мен жасөспіорімдерге арналған жаңа Ozinshe стриминг қосымшасының да таныстырылымы болды. Оны Президент жанындағы жастар саясаты жөнііндегі республикалық комиссияның мүшесі,  ақын, драматург, «Қазақстан» телерадикорпарациясының төрағасы орынбасары Мақпал Жұмабай таныстырды. Бұл жастарға, жасөмпірімдерге арналған керемет мүмкіндіктердің бірі десек те болады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың келешек ұрпақтың болашағын байланыстыратын отансүйгіш тұлғалардың елге жанашырлығы деп білеміз.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 15.08.2022, 09:25
Өскеменде аутизмге шалдыққан бала жоғалып кетті
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 12:52
Алматыда 18 жастағы жігіт туған әжесін өлтіріп, үйін өртеп кеткен
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 09:04
Алматыда 60 адам Оңтүстік Кореяға барамыз деп алданып қалды
Бифат ЕЛТАЕВА 11.08.2022, 09:02
Жастар жұмыссыз қалмауы тиіс
Сайт әкімшілігі 10.08.2022, 18:37
Қостанай облысында жоғалған қыздың денесі өзеннен табылды
Сайт әкімшілігі 10.08.2022, 15:50
Қостанайда жоғалған 5 жасар қыз әлі табылмады

Аңдатпа


  • "Төбесі құлап жатыр". Талғарда 3 миллиард теңгеге салынған мектеп төңірегінде дау туды
    15.08.2022, 08:58
  • Қасақана өртеді: Тараздағы әскери бөлімдегі жарылысқа қатысты тың дерек шықты
    12.08.2022, 08:47
  • «Үйдің жыртығын жамау мүмкін емес»: Елордада 50 жыл болған жатақхана құлағалы тұр
    11.08.2022, 09:04
  • Смайыловтың Президентке ұсынған болжамы дөп келе ме?
    10.08.2022, 09:37
  • «ЭКСПО-2017»: Миллиардттарға салынған мақтаулы нысандар су астында қалды
    09.08.2022, 08:49