«Жел қайда соқты?» (видео)

Кәріпбек Күйіков-британдық  фильмнің басты кейіпкері

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

29.07.2021, 09:52

6049

  Ертеде Дегелең тауының етегіндегі ауылдың көнекөз қариялардың: «Полигон жарылысы болған  сәтте таудың арғы беткейінде саңырауқұлаққа ұқсайтын  қызыл жалында тұман торлап, қалың шаң  көкке көтерілетін. Сол мезетте төңіректе дүлей жел соғатын»-дегенн естіген едік. Кейуаналарының суреттеуі, ақыры, ағылшындар түсірген  фильмнің атауына дөп келді.  Британдық кинорежиссер Андре Зингердің Семей пологоны туралы «Жел қайда соқты?» туындысы санаулы күннен соң Швейцария кинотеатрында көрсетіледі.

Фильмнің  тұсаукесері 29 тамызда Берн қаласында өтеді.  Әлем халқы ядролық сынаққа қарсы халықаралық күнді осы тәулікте атап өтеді.  Қойылымда еліміздің  шығыс және орталық аймағындағы  атом полигонынан қырық жыл құқай көрген жүздеген мың отандастарымыздың  ауыр да азапты тағдыры баяндалады. Жүректі сыздатып, санаға сілкініс ұялататын кино картинада дауасыз дүлей дүмпуінің құрбаны болған тірі кейіпкер- қос қолсыз туған суретші Кәріпбек Күйіков өз ролін сомдаған. Онда қылқалам  шеберінің  ауылдың жазира даласында сурет салып отырған бейнесі көріс тапқан. Жігерлі жігіт жер жастандыратын жарылыстың өзіне және өзгенің  өміріне әкелген кесірі жайлы кеңінен көсіліп баяндайды.

-«Ағылшын режиссері   фильмді   жаз шыға түсірмекші болған-ды. Кейін ол жоспары өзгергенін айтып, шығармашылық іске қыста кірісті. Жазда да жалғасын тапты.  Түсіру алаңы, негізінен,  Семей өңірінде болды. Біз полигон аумағында екі мәрте көрініс  қойдық.  Әсіресе, қыс қаhарына мініп тұрған шақта бір сәт дамыл таппадық, жұмыс қауырт жүрді.  Ертіс өзенінің жағасында күннің шапағатын күткен сәт әлі  есімде.  Дала аязы қаhарына мінген шақ еді. Семей аспанында таң рауандап атып келе жатқан көріністі  осылай түсірген едік,-дейді  «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының белді мүшесі Кәріпбек Күйіков.

Фильмде Американың Невада штатындағы полигонның зардабы суреттеледі,  ядролық қаруға қарсылық білдірген  шетелдік үкіметтік емес ұйымдардың үндеуі де қамтылған. Жаңа туынды тамашаланатын күні швейцариялықтар тағы бір тосын сыйға куә болмақ. Осы мемлекеттегі Қазақстан елшілігінде  Кәріпбек Телтайұлының семей полигонының зұлматы жайында салған картиналар нұсқасының сурет көрмесі өтеді.  Танымал суретшінің есімі  бүгінде бірқатар елдерге әйгілі. Қылқалам иесі халықаралық «Атом» жобасының  біздің елдегі Құрметті елшісі. Біреу білсе, біреу білмес,  «Атом»  сайтында арнайы петиция бар. Оған қазақстандықтар да еркін кіре алады.

-Кез келген адам осы сайтты ашып,  ядролық қаруға қарсы дауыс беру мүмкіндігіне ие. Қазіргі кезге дейін 400 мың кісі өз үлесін қосқан. Әзірге  қарапайым америкалықтардың қолтаңбасы басым санға ие болып тұр. Осы жоба аясында Жапония, Германия, Швейцария, Ресейде үгіт-насихат шараларымен қатар, антиядролық конференциялар өтті-дейді,  әлемдік дәрежеге көтерілген азамат.

Он сегіз мың шақырымға созылған бұрынғы Семей сынақ полигоның бір шеті шығыс өңірін қамтыса, екінші жағы осы өңірмен шектесетін  Қарағанды облысы Егіндібұлақ ауылының аумағын алып жатыр. Кеңес  Одағы кезінде  мұнда 1949- 1989 жылдарға дейін  500- ге жуық жерасты, жерүсті және ауада сынақ жасаған. Радиацияның салдарынан  екі аймақтың  1,5 миллион халқы жапа шекті. Семей полигонын тоқтату бастамасын алғаш рет  ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов қолға алып, артынша оған барша Қазақстандықтар қолдау білдірді.  Бейкүнә елді қынадай  қырған полигон 1991-жылы  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен жабылды.

«Жел қайда соқты?» фильмі алдымен Алматыдағы «Арман» кино театрында, кейін Астанадағы М.Нәрікбаев атындағы Қазақ заң университетінде көрсетілді. Қарағандылықтар аталған туындыны қашан және қайдан тамашалайды деген сауалымызға Кәріпбек Телтайұлы «барлық өңірлерге қамтылуы тиіс» деді.  Кеншілер шаhарының мыңдаған көрермендері кинокартинаны асыға күтіп жүр. Ал Қарағанды билігі  фильм кейіпкеріне жағымды жаңалық жеткізуге асықпай отыр.    

Тегтер: кино тарих туризм логистика қызмет көрсету

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13.09.2021, 08:27
«Талибан» жаңа үкімет құрамымен таныстырды (видео)
Сайт әкімшілігі 01.09.2021, 12:48
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы (видео)
Сайт әкімшілігі 27.08.2021, 10:51
Нұрлан Ермекбаев: Отставкаға кетуді сұраймын (видео)
Сайт әкімшілігі 27.08.2021, 08:45
"Бәрі қираған, жарылыс қатты болды". Жамбыл облысындағы жарылыстан кейінгі видео тарады
Сайт әкімшілігі 26.08.2021, 22:10
Жамбыл облысында жарылыс болды: әскери қойма өртеніп жатыр (видео)
Сайт әкімшілігі 16.08.2021, 17:59
Кабулдан қашқандар ұшақтан құлады (видео)

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39