19.12.2020, 12:30
11284
Қазақ намысын арқалаған қыршындардың қиылғанына — 34 жыл. Бұл уақыт керзі етіктің тепкісіне түскен — ел ұландары діттеген мақсатына жеткен күн. Ел басына Генадий Колбиннің келуі себеп болған көтеріліс – Қазақстанның егемен ел болуға қауқарлы екенін көрсетті. Қайғылы көтеріліс ел рухының асқақтығының дәлелі бола білді. Қытымыр қыста қақтығысқа түскен жалынды жастар, жаннан арды биік қойды, елі үшін өмірін қиды. Ер есімі-ел есінде қалуы тиіс. Тұғырлы тәуелсіздікке жол ашқан боздақтардың бейнесі ұмыт қалмауы керек.
Елдік үшін жанын құрбан еткен қыршындар әлі күнге өз дейгейінде құрметтелмей келеді. Желтоқсаншылар, бізді кешіріңдер!
Біз Желтоқсан құрбандарына қатысты елдің пікірін біліп көрдік. Толықтай «Жас Алаштың» ютуб арнасынан көре аласыздар...
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР