Жетісу облысында бірнеше аула мен көшені тасқын су басты (видео)

Сайт әкімшілігі

06.03.2023, 07:36

909

Жетісу облысында еріген қар суы бірнеше үйдің ауласы мен көшені басып қалды, деп хабарлайды  өңірлік Төтенше жағдайлар департаменті. 

«5 наурызда ауа температурасының +15 с° дейін көтерілуінен қардың жылдам еруіне байланысты Жетісу облысы Кербұлақ ауданының Қызылжар ауылында ауылдың шығыс бөлігінде орналасқан егістіктерден еріген қар суы ағылды. Арық жүйесі тасқын су көлеміне төтеп бере алмай, су Шыныбек көшесін басып қалды, 4 аула аумағы су астында қалды.

Қаза болғандар, зардап шеккендер, сондай-ақ тұрғын үйлерді су басу фактілері тіркелген жоқ.

Қазіргі уақытта жағдай тұрақты, су деңгейі төмендеді. Еріген су транзиттік режимде Байғазы өзеніне кетуде», — делінген таратылған хабарламада.

Қазір жергілікті атқарушы органдардың, Жетісу облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің және жергілікті тұрғындардың (66 қызметкер және 11 техника) күшімен арық жүйесін тереңдету, тазарту, инертті материалдары бар қапшықтар дайындау жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ тасқын суды егістіктерден шығару үшін арналар қазылып жатыр.

«Қазгидромет» РМК ескертуіне сәйкес, 6-8 наурыз аралығында күннің күрт жылынуына байланысты Жетісу облысында қар жылдам еріп тасқын су қалыптасады, тау беткейлерінен еріген қар суы ағып, өзен-көлдерде мұз әлсірейді, су деңгейі көтеріліп, арнасынан тасиды.

«Осыған байланысты тұрғындарды үйлеріне іргелес орналасқан арық желілері мен құбырлы өткелдерді қардан, мұздан және қоқыстан тазарту шараларын қабылдауға шақырамыз», — дейді Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметінен.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 04.05.2023, 18:00
Алматы тұрғыны арыстанның бес айлық екі күшігін заңсыз асыраған
Сайт әкімшілігі 22.04.2023, 09:07
Соғысқа өз еркіммен келдім: Ресей жасағына қосылған қазақ студенті үндеу жасады
Сайт әкімшілігі 19.04.2023, 10:40
13 градус аяз және қар жауады
Сайт әкімшілігі 12.04.2023, 17:53
Назаров "жастарды тәрбиелеуді" бастап кетті (видео)
Сайт әкімшілігі 10.04.2023, 10:23
"Ақтөбе" мен "Ордабасы" жанкүйерлері жаппай төбелес шығарды
Сайт әкімшілігі 10.04.2023, 07:47
Шымкентте автобус апатынан қаза тапқандар саны 5 адамға жетті

Аңдатпа


  • 100 қойдан 180 қозы алу синдромы немесе Бейсембаев пен Жақыпов мектепке барады
    10:12
  • Жамбыл полициясынан досың болса, қалтаңда пышағың болсын
    09:37
  • «Көше сыпырғыш әкім» көшелі брифинг өткізе алмайды
    09:01
  • Біздің жауымыз – жалған статистика
    07.06.2023, 12:30
  • «Ескерткішті Назарбаевқа қойғанда, сен де депутат болар едің»
    07.06.2023, 11:00