26.05.2022, 15:00
949
Редакциямызға тұрақты оқырманымыздан хат келді. Онда Талғар ауданы Нұра ауылына қарасты бейіттердің қоршауларын белгісіз біреулердің бұзып әкеткені айтылған.
— Мына зираттар Талғар ауданы Нұра ауылдық округінің тұрғындарына тиесілі. Біздің сыныптасымыз Семей қаласында тұрады. Анасының дүниеден озғанына 30 жыл болғанына байланысты құдайы тамақ беру үшін Нұра ауылына жанұясымен арнайы келген. Жанұясымен анасының зиратына келгенде анасының зиратының қоршауларын белгісіз біреулердің бұзып әкеткенін көреді. Анасын сағынып, бейітінің басына келгенде мынандай масқара жағдайға душар болған балаларының қандай жағдайда болғанын басында аз болсада түйсігі бар адам түсінер деп ойлаймын. Марқұм болған, Малғаждар қызы Тлеуғайша апамыз, бардық саналы өмірін ұстаздыққа арнаған, адал адам еді. Осы зиратта Тлеуғайша апамыздың зиратынан бөлек тағыда бірнеше зиратқа зиян келтірілген. Мына жағдай біздің қоғамымыздың материалдық және рухани тұрғыдан қаншалықты тозып кеткендігінің айқын бейнесі емеспе. Осы келеңсіз мәселе бойынша Талғар аудандық полиция басқармасына арыз түсірдік. Дегенмен де, зираттардың темірлерін тонаған тексіздердің ұсталатынына сенбейміз,-дейді «Жас Алаштың» тұрақты оқырманы Ахмет Оразбаев.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР