Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:42, 11 Сәуір 2024

Қызылтас археологиялық кешені мемлекет қорғауына алынады

d
Фото: из открытых источников

Талдықорған маңындағы Қызылтас археологиялық кешені мемлекет қорғауына алынады.

Qazaqstan.tv ақпаратынша, ол жердегі тау-тасты жару, қопару жұмыстары мамыр айына дейін тоқтатылды. Қиыршық тас өндірумен айналысатын кәсіпорын шикізатты басқа карьерден алу мәселесін қарастыруда.

Мың жылдық тарихы бар петроглифтер кездесетін тауда жарылыс жұмыстары жүріп, тарихи жәдігерлер жойылуға шақ қалған. 

Тараптар бір мәмілеге келіп, бұзылған таңбалы тастарды басқа жерге көшіріп, қалған тарихи ескерткіштерді сақтап қалуға бірлесіп жұмыс істеуге келісті.

Мемлекеттен археологиялық кешендерді паспортизациялауға 10 млн теңге қаржы бөлінді.

Қызылтас петроглифтері және ар жағында Дауылбай, Ордакүл бар. Еңбек жақтағы тауларды паспортизация жасасақ па деп конкурс жариялайық деп отырмыз. Ертең конкурсты жариялап, келесі аптада келісімшартқа отырып жұмысты бастап кетсек пе деп отырмыз, деді Жетісу облыстық тарихи-мәдени мұраларды қорғау орталығының директоры Ғалымжан Оспанов.