Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:28, 08 Сәуір 2024

Ресейден Қаныш Сәтбаевтың қазақ ғылымы туралы жазбалары табылды

а
Фото: из открытых источников

Қазақстанға қазақ ғылымының қалыптасуы мен даму тарихына қатысты құжаттар жеткізілді.

«Архив – 2025» жобасы және Қазақстан мен Ресей архивтерінің 2022-2025 жылдарға арналған бірлескен әрекет жоспары аясында ҚР Орталық мемлекеттік архивінің жұмыс тобы Ресей Федерациясының мемлекеттік архивіне, Ресейдің әлеуметтік-саяси тарихы мемлекеттік архиві, Қазіргі заман тарихы мемлекеттік архиві мен Ресей Ғылым академиясы архивіне және Ресей мемлекеттік кітапханасына барды.

ХХ ғасырдың 20-60 жылдарындағы Қазақстанда ғылымның қалыптасу мен даму тарихына қатысты бұрын жарияланбаған тарихи деректер мен құжаттарды зерттеу барысында 200-ден астам құжат анықталды. Қазақстандағы академиялық ғылымның, ғылыми орталықтар мен мекемелердің құрылу тарихына қатысты құжаттардың электронды көшірмесі алынды, делінген хабарламада.

Сонымен қатар, анықталған құжаттардың ішінде қазақ және орыс ғалымдары арасында алмасқан 40-қа жуық хат бар. Академик Қаныш Сәтбаев, Ақай Нүсіпбеков, Василий Фесенковтың ресейлік әріптестерімен хат алмасуында қазақ ғылымның дамуы және Қазақстандағы негізгі кезеңдері туралы (өткен ғасырдың 20-60 жылдары) құнды мәліметтер табылған.

ҚР Орталық мемлекеттік архивінің директоры Сәбит Шілдебай қазіргі уақытта Ресей архивтерінен анықталған деректік базаны жүйелеу, өңдеу, ортақ тізбе құрастыру жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.

Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Тегтер: