Әбдіқалықованың не ойлағаны бар?

Миуа БАЙНАЗАРОВА

25.06.2021, 09:26

3779

Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың тапсырмасына сәйкес, Арал ауданында төтенше жағдай жариялауға қатысты құжаттар әзірленуде. Қазір тек топырақтың құрамын анықтау қалды. Бүгінде ұлттық сараптама орталығы зерттеу жұмыстарын жүргізуде.

     Қыс-көктем мезгілдерінде қар мен жауын-шашын мөлшерінің аз болуына байланысты Арал ауданында қуаңшылық жағдай орын алды. Ауыл тұрғындары, еріктілер және аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері тарапынан кезекшілік ұйымдастырылған. Қосымша падамен қамтамасыз етілуде. Осыған байланысты қазір мал өлімі тоқтады.

– Шөптің шығымдылығына қатысты ауданды үш санатқа бөлдік. Яғни, қызыл, жасыл, сары. Қызыл аймаққа 13 елді мекенді жатқыздық. Өйткені жайылымдық жерлері 90 пайызға құрғап қалған. Ал сары аймақтағы елді мекендерде 30-40 пайызды құрайтын шөп бар. Жасыл түспен белгіленген елді мекендерде шөптің шығымдылығы жақсы. Қазір әр аймақтан 500 грамм топырақ алынып, сараптамаға өткізілді. Шөптің шығуына әсер ететін минералдар топырақ құрамында бар-жоғы анықталады, – дейді  Арал  ауданы  әкімінің  орынбасары Еркін  Әбішев.

    Сондай-ақ аймақ басшысының тікелей тапсырмасына сәйкес, аудандағы шаруашылықтарға жемшөп тұрақты түрде жеткізіліп  жатқан  көрінеді.

– Ауданымызға 1037,6 тонна (51 880 прес) жоңышқа шөбі және 40 тонна (2000 қап) жем жеткізіліп, сатылды. Бұдан басқа, осы жылдың 5 маусымында Арал ауданында мал азығы бойынша жемшөп жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Оған Сырдария, Жалағаш, Қармақшы және Қазалы аудандарынан 20 тонна күріш жемі және 207 тонна (10 350 прес) жоңышқа шөбі жеткізіліп, ауданымыздың сырт беткейінде орналасқан 12 елді мекен тұрғындарына сатылды. Бір айта кетерлігі, шөп қымбат бағада сатылып жатыр деген қауесет бар. Негізі, бізге келіп жатқаны — жоңышқа шөбі. Оның бағасы 1100-1200 теңге көлемінде.  Шөп тасымалдаушыларға бағаны көтермеуге талап қойдық. Ал құны арзан қарашөп енді орылады. Көрші Ақтөбе облысындағы Ырғыз ауданымен келіссөз жүргіздік. Ауыл шаруашылығы бөлімінің  ұйымдастыруымен өзге өңірлерге 60 тонна (бір вагон) арпаға өтінім берілді,  – дейді  Еркін  Әбішев.

    Айта кетер  болсақ, Арал ауданында барлығы, 69 су шаруашылығы нысаны бар. Оның 63-і канал және алтауы қорғаныс бөгеті. Бірінші кезекте, жайылымдық және шабындық жерлерді суландыратын 17 каналға тазалау жұмыстары жүргізілмек. Сондай-ақ 15 су ұңғымасын қазу бағытында жұмыстар жасалып жатыр.

    Арал теңізінің құрғап қалған 1 миллион гектардан астам түбіне сексеуіл отырғызу жоспарлануда. Сонымен қатар, экология министрлігінің делегациясы шөлейттенуге қарсы күрес тәжірибесін зерттеу үшін Өзбекстанға барды. Әріптестер Арал теңізінің құрғаған түбіне сексеуіл отырғызып қана қоймай, оны өсіре алған. Бұта 1,2 миллион гектар құмды аумақта тамыр жайған.

  • Біз бұл тәжірибені кейбір елді мекендерде өтіп жатқан біржолғы акциялар синергетикалық нәтиже беру үшін елімізде қабылдағымыз келеді. Шаңды дауыл соның салдары. Оларды тоқтату үшін жаппай сексеуіл отырғызу қажет. Қазір министрлікте бұл мәселені жүйелі түрде шешу үшін бағдарлама әзірленуде. Яғни Арал теңізінің құрғаған түбіне – 1 млн гектар  жерге сексеуіл отырғызылды. Әртүрлі егу түрлері қолданылады: аэропосев және механикаландырылған егу. Әріптестерімізбен бірге жақын арада сексеуіл отырғызуға кірісу үшін іс-қимыл жоспарын әзірлейміз. Қазіргі кезде барлық табиғат пайдаланушылары қатыса алатын акция болуы үшін мемлекеттік бюджеттен тыс қаржыландырудың басқа көздерін іздеудеміз, – деді экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова.

  Бірақ кейбіреулер бұл қарапайым бұтаның шығуы үшін жұмыс істеп жатқанда, басқалары оны пеш жағу немесе барбекю қуыру үшін кесуде. Қандай да бір жаза бола ма? Қазіргі уақытта парламент мәжілісінде өсімдіктерді, оның ішінде сексеуілді қорғауға қатысты «Өсімдіктер әлемі туралы» заң жобасы қаралуда.

   Десек  те,  облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова  мал қырылып, құрғақшылық болатынын білмеді ме? Ал ауыл шаруашылығының басқарма басшысы  Талғат Дүйсебаев Арал ауданына барып жағдайды білген емес. Қанша мал қырылды,  малдың жемшөбі бар ма, жоқ па? Мүлде хабарсыз болып шықты. Бұл неткен бейқамдық? Сонда   ол  не  істеп  жүр?  Ары-беріден  соң,  өзі  отырған  қызметке  лайық  па? Қысқасы, Талғат Дүйсебаевтың  тірлігін  майшаммен  қарайтындай-ақ  екен.  Ал Арал мен Сырдарияның тартылғанын облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова енді ғана зерделеп жатқан секілді. Сонда  деймін-ау, бір  өңірдің  тізгінін    ұстап  отырған  адамның  білімі мен  біліктілігі  қайда? Алдағы  уақытта  Қызылорда облысын таратып  тынбаса  нетті…   Ойлаудың  өзі  қорқынышты.

Тегтер: мал шаруашылығы мәселе әкімдік жергілікті әкімшілік

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 12:14
Орал тұрғындары үйді бұзуға қарсы наразылыққа шықты
Сайт әкімшілігі 15.10.2021, 17:20
Жаңа заң жобасы қабылданды
М.СӘУЛЕБЕК 15.10.2021, 12:19
Үлкен жолайрық – үлкен қалаларға тән құбылыс
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 15.10.2021, 08:25
«Мұнайдың үстінде отырып мұнайға жарымаймыз»
Еңлік АРЫҚБАЙ 15.10.2021, 08:23
Мектеп құлап жатыр: рас па?
Сайт әкімшілігі 14.10.2021, 12:01
«Атамекен-Түркістан» микро қаржы ұйымы алғашқы жобаны қаржыландырды

Аңдатпа


  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29