Әкім темір-бетон зауытының жұмысымен танысты

Сайт әкімшілігі

19.11.2020, 16:05

361

Шымкенттегі «DALA-CONSTRUCTION.KZ» ЖШС – қаладағы ірі темір-бетон бұйымдарын өндіретін кәсіпорын. 2002 жылы құрылған зауыт бүгінде 210 адамды жұмыспен қамтып отыр.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов кәсіпорынның бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысып, жұмыс барысын аралап көрді.

Кәсіпорын жылына 240 мың шаршы метр темір-бетон бұйымдарының жабын плитасын, 85 мың шаршы метр құрама-каркасты үйдің темір-бетон бұйымдарын, 32 мың шаршы метр өндірістік ғимараттар дайындауға қауқарлы. Сондай-ақ, 4,5 мың дана су шаруашылығы құрылысына арналған темір-бетон науалары, 4,8 мың дана темір-бетон электр желілерінің бағандары, 6 мың дана металл есіктер шығарады.

Зауыттың жалпы жер учаскесінің аумағы  20 гектарды құрайды. Кәсіпорын басшысының айтуынша, дайын өнімдер 100 пайыз  ішкі нарыққа жөнелтілуде. Сондай-ақ, заманауи құралдармен жабдықталған кәсіпорын арнайы және қосалқы 100-ден астам техникамен қамтылған.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 05.06.2023, 08:20
Таиландта комаға түскен қазақстандық көз жұмды
Сайт әкімшілігі 02.06.2023, 20:00
Алматыда көру қабілеті бұзылған балалар арасында шоудаун бойынша Қазақстандағы алғашқы турнир өтеді
Б.СӘРСЕНБІ 02.06.2023, 13:24
Идея – жастардан, қолдау – мемлекеттен!
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 02.06.2023, 12:23
Мағынасыз көше атаулары өзгереді
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 02.06.2023, 07:55
БАӘ Қарағандыдан саумал сатып алады
Бифат ЕЛТАЕВА 01.06.2023, 13:08
Ерікті жастардың қоғамға тигізер пайдасы

Аңдатпа


  • Ораловтың барында...
    06.06.2023, 10:17
  • Ұстағанның қолындағы, тістегеннің аузындағы қазақ ураны
    06.06.2023, 09:46
  • Жалған кәсіпкерлер, алаяқ аналар
    06.06.2023, 09:00
  • Өзбекстан қай жолды таңдады?
    02.06.2023, 10:15
  • Жұманғариннің жиналыстары. Бас шұлғитын әкімдер, орындалмайтын тапсырмалар
    01.06.2023, 10:11