Ақжалда мал ауруы шықты

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

22.12.2021, 17:00

2102

Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақжал  кенттік округінде 165 ірі қара ауруға шалдықты. Бұл туралы ақпарат журналистерге кеш жария болды.  Малдағы жұқпалы індет қарашаның басында қылаң берген. Белгісіз індетке тап болған ойсыл қара төлінен  алынған сынаманы жергілікті мамандар  бірден,  Нұр-Сұлтандағы «Ұлттық референттік» орталыққа жіберілген.  Қарашаның 11-де орталықтан келген сынама нәтижесі бойынша, сиырлар «инфекциялық реновирус» және «вирустық диарея» індетін жұқтырғаны анықталды.

Кент орталығында сол тәуліктен малдарға карантиндік шектеу  жарияланып, дезинфекциялық шаралар жасалды. Оқшаулау 30 күнге ұласады.

Шет аудандық «ветиринариялық бақылау және қадағалау комитетінің» Шет ауданы бойынша аумақтық инспекциясының басшысы Дәулет Әшкербеков: «Ірі қараға жұққан кесел осы өңірге шетелден әкелінген малдардан немесе құстардан келуі мүмкін» деген жорамал айтуда.  Малдарды оқшаулау карантин енгізілген тәуліктен бастап 30 күнге ұласады. Айта кеткен жөн, кешеден бері  облыстық эпидемиологиялық жасақтың өкілдері ауру шыққан ошаққа соңғы  тазалық -індет амалдарын жүргізуде.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 12:00
Жәйремдіктердің жанайқайы:«Мемлекеттік бағдарламамен берілген үйдің сиқы осы»
Мариям МАҚСАТ 08:53
Кім кімді алдады?
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 19.01.2022, 17:45
Қарағанды өңіріндегі дүрбелең қалай өрбіді?
Қайрат Балабиев 19.01.2022, 16:57
Атамекенді аялау – азаматтық парызымыз
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 19.01.2022, 15:33
Шымкент: шығын әлі есептеліп жатыр
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 18.01.2022, 15:30
БҚО-да бір полицейдің мұрны қанамады

Аңдатпа


  • Қазақстанда билік төңкеріледі - үндістандық көріпкел Арченаның айтқаны келді
    19.01.2022, 00:00
  • «Аш адам ұрысқақ келетінін» ұмытпасақ екен...
    19.01.2022, 08:48
  • Жарылысқа жол ашқан – биліктің мақтаншақтық идеологиясы
    19.01.2022, 09:05
  • Аренадан Алаңға дейін...
    18.01.2022, 08:39
  • Қазақты байытпаған «Самұрық-Қазына» «Жаңа Қазақстанға» жеткізе ме?
    18.01.2022, 08:38