Кәсіпкерлікті дамытуда мемлекет қандай жұмыстар атқаруда?

Ерке ЖҰМАТАЙ

25.03.2022, 11:50

2194

Былтыр Үкімет кәсіпкерлікті дамыту бойынша Ұлттық жоба қабылдады. Онда кәсіпкерлік белсенділікті арттыруға, кәсіпкерлердің өсуін жеделдетуге және жаңа жұмыс орындарын қалыптастыруға, сондай-ақ бәсекелестікті кешенді дамытуға басымдық берілген. Аталған бағыттарды іске асыру шеңберінде 10 міндет, 30 көрсеткіш және 69 іс-шара көзделді. Ұлттық жобаны қаржыландырудың жалпы көлемі, шамамен 8,5 трлн теңге, оның ішінде республикалық бюджетте 1 трлн теңгеден астам қаржы, ал жергілікті бюджеттерде 125 млрд теңге қарастырылған. Сондай-ақ 7,3 трлн теңге сомасына жеке инвестициялар тарту қамтамасыз етілмек.

Ұлттық жобаның басты міндеттерінің бірі – кәсіпкерлік субъектілері үшін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру және экономикадағы мемлекеттің үлесін төмендету. Ұлттық тауар өткізу желісін құру және жаңғырту жоспарлануда. Кәсіпкерлік белсенділікті арттыру мақсатында 690 мың шағын және орта бизнес субъектісін мемлекеттік қолдау шараларымен қамту көзделген. Бұған қоса, «Бастау Бизнес» аясында жеке ісін ашқан кәсіпкерлер саны 2 есеге өседі, соның ішінде 55 мың ауыл кәсіпкерлеріне нақты қолдау көрсетілетін болады. Сонымен бірге сауда инфрақұрылымының заманауи форматтарын құру мақсатында көп форматты сауда объектілері 6-дан 132-ге дейін ұлғайтылмақ. Жекешелендіруді дамытуға бағытталған шаралар мемлекеттің экономикадағы үлесін 14% дейін қысқартуды көздейді. Ұлттық жобаны іске асыру бойынша қабылданған шаралар шағын және орта кәсіпкерліктің жалпы ішкі өнімдегі үлесін 2025 жылға қарай 35%-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Бұған қоса, таяуда Үкімет қабылдаған шағын және орта бизнесті дамытуды ынталандыру шағын және орта бизнесті қолдаудың өңірлік бағдарламасы шеңберінде микронесиелер бойынша жергілікті бюджеттерден субсидиялар беру, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерде жеңілдікпен микрокредит беруді және жаңа кепілдік беру құралын енгізу арқылы жүзеге асырылатын болады. Сонымен қатар азық-түлік тауарларының өндірісін ұлғайту, ішкі нарықтың импортын негізгі азық-түлік емес тауарлармен алмастыру жөніндегі шараларды іске асыру, халықтың проблемалы қарыздарымен жұмыс істеу бойынша банктердің жеке жоспарларын қабылдау қарастырылған.

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың айтуынша, президент тапсырмасын орындау мақсатында үкімет «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп, сатып алуды жүзеге асырудың жаңа тәртібінің жобасын әзірледі. Бұл олардың ашықтығын арттыруға бағытталған және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтады. Сондай-ақ аталған механизм жергілікті өндірушілер мен жеткізушілерді қолдауға, сатып алу процесін оңайлатуға және бизнес кедергілерді жоюға бағытталған, соның нәтижесінде, 10 мың шағын және орта кәсіпкерлік субъектіге көмек көрсетіледі. Биыл отандық тауар өндірушілерден 400 млрд теңгеге 10 мыңға жуық тауар позициясы сатып алынады, – деп жоспарлануда. Бұдан өзге, заң жүзінде ашықтықты арттырып, жер қойнауын пайдалану құқығын беру және келісімшарттар талаптарын өзгерту рәсімдерін жеңілдету жоспарланып отыр. Одан әрі дамыту шеңберінде жаңадан құрылған отандық кәсіпкерлер кеңесімен бірлесіп, инвестициялық ахуал мен бизнес-ортаны жақсарту жөніндегі шаралар іске асырылатын болады. Сонымен қатар, жеке инвестицияларға баса көңіл бөлінетін инвестициялық саясаттың жаңа тұжырымдамасы әзірленді.

Биыл «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, ауыл кәсіпкерлігін дамыту бойынша шаралар кешені әзірленуде. Бұл шаралар ауылдардың мастер-жоспарларын қалыптастыруды, кәсіпкерлікке оқытуды, өнімдер мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға кепілдік беріп, жеңіл кредиттер мен гранттарды қамтитын болады. Жастардың жұмыспен қамтылуына ерекше көңіл бөлінеді.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, бес жыл бұрын шағын және орта бизнестің ішкі жалпы өнімдегі үлесі 24 пайыз болды. Қазір бұл көрсеткіш 32 пайызға жетті және салада 3,5 миллион қазақстандық жұмыспен қамтылған. Әртүрлі мемлекеттік бағдарламалар аясында жалпы құны 6,3 триллион теңге болатын дағдарысқа қарсы шаралардың 3 топтамасы жүзеге асырылды. Бұл ахуалды түзеуге және экономикалық белсенділік пен кәсіпкерлік бастамаларды қайта қалыпқа келтіруге мүмкіндік берді.

Президент тапсырмасы негізінде, 2023 жылдан бастап, еңбекақы төлеу қорынан бірыңғай төлем жасау жүйесін енгізу туралы шешім қабылданды. Бұл арқылы шағын және орта бизнеске түсетін жүктеме 34 пайыздан 25 пайызға дейін азаяды. Мұндай тәсілді өзін-өзі жұмыспен қамтитын және жеке кәсіпкерлерге қатысты да қолдану мүмкіндігін арттырады. Біз салық процесін басқаруды жеңілдетіп, кәсіпкерлік қызметтен барлық салықтар мен бюджеттен тыс төлемдерді қамтитын бірыңғай төлем жасау жүйесі іске қосамыз.

Тегтер: кәсіп нәсіп еңбек еңбек нарығы

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 17:47
Республикалық референдумға қатысу – азаматтық борыш
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 16:50
Қарағандылық шаруалар қауырт қимыл үстінде
Әділ АҚЫЛБАЙ 13.05.2022, 11:45
Отандық спортқа отандық бизнес демеуші
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 12.05.2022, 17:11
Қайырымдылық қоғамға пайдалы
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 12.05.2022, 08:07
Сатылған бақтан бақ тайды ма?..
Сайт әкімшілігі 10.05.2022, 06:43
Қостанайда 11 отбасы баспанасыз қалды

Аңдатпа


  • Мәскеуменен Тәшкеннен көш келеді
    12.05.2022, 08:30
  • Әскердегі әлімжеттік пе, әлде?..
    12.05.2022, 08:12
  • Сатылған бақтан бақ тайды ма?..
    12.05.2022, 08:07
  • Қазақша оқыт балаңды!
    05.05.2022, 05:30
  • "Өгіз мүдде"
    05.05.2022, 05:27