Күнгейлік балалар қашанғы күңіренбек?

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

27.08.2021, 11:25

1288

Қарағанды қаласының іргесіндегі Күнгей шағынаудандағы ата-аналар осылай  шағынып отыр. Шағын мекендегі оқушылар  көлік жолының төселмеуінен қоғамдық көліктен тарығып келгелі көп болған.  Бүгінде 300 мыңға жуық тұрғыны бар ауданның салынғанына 30 жылға жуық уақыт болған. Содан бері, Күнгейлік   өрендер қоғамдық көліктен зәрезап десе де болады. Мұндағы бүлдіршіндер бұл құқайдан  биыл да арылатын түрі жоқ.

— Іргедегі Оңтүсік-шығыс ықшам ауданына  көлікпен небары 5 минутта жетуге болады. Бірақ ол жаққа жету қиямет. Біз тұратын Нәзір Төреқұлов атындағы орталық  көшеге асфальт жол жартылай салынған. Соның салдарынан қыста қарың қар басып қалады. Такси ат ізін салмайды. Қалаға айналдырған бір автобус жүреді, аялдамасы алысқа тұрғызылған. Ересек балаларымызды әудем жердегі  аялдамаға дейін омбы қарға шомбылатып  әрең алып барамыз. Кішкетайлардың қауқары келмейді. Аязды күндері автобусты сағаттап күтеді. Аязға шалдығып, аяқ -қолдарын үсік шалды.  Сабақтан қайтарда тіпті қиямет-қайым. Ата-аналар такси жалдап әкеледі. Ақшасы жоқтар әркімге жалынышты күй кешеді,-дейді көп балалы ана Шынар Батырбекова

— Күнгейлік балалар жол азабын тартқаны аздай, жыл сайын мектепке орналастыру да қызылкеңірдекке салынады. Оңтүсік шығыстағы №81, 102 мектептер бала санының көптігіне байланысты  біздің оқушыларды қабылдамайды. Тек былтыр ғана жаңадан салынған  №104 мектепке қабылдауға мұқсат етілді. Алайда,  ауданнан осы араға қатынап оқу қашық,-деп назданды жас ана Айнұр Мүрсәлім.

Күнгейлік оқушыларға тән проблема  бұрыннан бар.  Күремеуі қиын күрделі мәселе отыз жылға жуық айтылып-жазылып келеді. Бұрынғы әкімдердің бірі бастаса, соңына  жетпей үзіліп қалады. Кадрлық ауыс-түйістің  салдары бастаған ісі  аяқсыз қалдыруда. Енді міндетті тәмамадау- Қарағанды қаласының әкімі Ермағанбет Бөлекбаевтың еншісінде бұйырды. Сонымен, Күнгейліктердің басынан қашан бұл арылады?  Шахар мэрінің мәлімдеуінше,  шағынауданның  инфрақұрылым саласында,  инженерлік- коммуникациялдық  жүйелер тұрғызу бағытында биыл  бірқатар шаруалар еңсеріліп жатыр.   

— Ауданда инжинерлік-коммуникациялық желілер мен қоса инфрақұрылым тарту жұмыстары жүріп жатыр. Күнгейге бірнеше  жол төсеу қажеттілігі туындап тұр. Былтыр 1 жарым шақырымдық  айналма көлік  жолын салдық. Мүмкіндігіне қарай биыл да,  бюджеттен қосымша  қаржы қарастырамыз. Бұған дейін қала арасына  тұрақты қатынап келген 16 автобус тоқтатылмайды. Оқу жылы басталғанда, кестеге өзгеріс енгізіп, тағы бір автобус шығарамыз. Ал, келесі жылы осы елді мекенде сыйымдылығы 600 балаға арналған  жаңа мектеп салынады.  Жобаның  қаржысын есептеу қалды.  Құжат құрылыс басқармасының қарауына жіберілді,-дейді шахар әкімі Ермағанбет Қабдулұлы.

Былтыр  Саран қаласындағы машина жасау зауытында құрастырылып шығарылған  автобустың   Күнгейлік оқушыларды да мектепке тасымалдайтыны айтылған. Сол Президент сыйлаған көліктің қызығын балығындар көрген емес. Көрсе, жағдай бұлай болмас еді, ғой. Өкінішке қарай, ол  әдеттегідей айтыла салған арзан сөзге ұласып кетті.

Ойтамызық

         Бізде мұқым бір ауылдың баласы жылдар бойы мектепке жете алмай зар болады. Үйренішті жағдай секілді. Себебі  мұндайларды талай естіп, көріп жүрміз. Етіміз өліп кеткен. Ал, жаhандағы өркениет жұрты мұндайды оқиғаны адам төзгісіз құбылысқа балайды. Өйткені өркениетті сана оны болашаққа жасалған қиянат деп қабылдайды. Осындайда,  ұлы елдердің ұрпаққа жасап отырған ұлы ісін қайтпасқа болмас. Бұдан 3 жыл бұрын Жапонияның теміржол компаниясы  Хаккайда бұғазына қатынайтын кемені  тоқтату жөнінде ұйғарымға келеді. Себебі ол жерден халық  өзге өңірлерге үдере көшіп кетеді.  Сәйкесінше, жүк тасымалы да тоқтайды. Бірақ, теміржолшылар бұғаз бойында бір қыз баланың көрші ауылдағы мектепке келіп оқитынын біледі. Сүйтіп, компания райынан қайтып, шынашақтай  жалғыз оқушы мектеп бітіргенше әлгі кемені  жүргізіп тұрған. Мұндай мысалдар көп. Бұл аз десеңіз, Скандинавия елдерінің бірінде 3 баласы бар отбасы бұғаз бойында жалғыз қалып қойған. Үкімет сол жанұяның балалары материктегі мектепке барып білім алуы үшін  таңертен және кешкі уақытта кеме жіберіп тұруға үкім берген.  Болашағын  жас ұрпақпен байланыстыратын елдер байлығын біздердегідей шенеуніктердің автокөлігінің құнымен айқындамайды. Керісінше, әрбір азаматының өмірін қастерлеп,  білім алудағы ізденісіне құрмет көрсетумен ерекшеленеді.

Тегтер: мәселе көпбалалы ана орталық бірлестік

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 20.01.2022, 12:00
Жәйремдіктердің жанайқайы:«Мемлекеттік бағдарламамен берілген үйдің сиқы осы»
Мариям МАҚСАТ 20.01.2022, 08:53
Кім кімді алдады?
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 19.01.2022, 17:45
Қарағанды өңіріндегі дүрбелең қалай өрбіді?
Қайрат Балабиев 19.01.2022, 16:57
Атамекенді аялау – азаматтық парызымыз
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 19.01.2022, 15:33
Шымкент: шығын әлі есептеліп жатыр
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 18.01.2022, 15:30
БҚО-да бір полицейдің мұрны қанамады

Аңдатпа


  • Байлар 30 жыл «жиып-тергенін» «Қазақстан халқына» қия ма?!
    20.01.2022, 08:50
  • Біреуге бас қайғы, біреуге «мал» қайғы
    20.01.2022, 08:49
  • Алматыны «терроризм астанасы» етпек болды
    20.01.2022, 08:48
  • Қазақстанда билік төңкеріледі - үндістандық көріпкел Арченаның айтқаны келді
    19.01.2022, 00:00
  • «Аш адам ұрысқақ келетінін» ұмытпасақ екен...
    19.01.2022, 08:48