Меркі жердің көркі

Сайт әкімшілігі

14.12.2020, 19:08

245

«Меркі – жердің көркі» деген сөз тегін айтылмаған. Жері шұрайлы, елі шырайлы бұл мекеннің халқы да еңбекқор.

Бұл ретте Мерейлі Меркі ауданының тізгінін ұстап отырған Мейірхан Өмірбеков:

-  Еліміздің Президентінің де, облыс әкімінің де алдымызға қойған өзекті міндетінің бірі халықты жұмыспен қамту мәселесі. Көбінде біздің халық ата кәсіп малмен айналысқанды қалайды. Осы аптада Жамбыл ауылында болып, ел жағдайымен танысып, Аллаберді деген азаматтың үйі маңындағы қосалқы шаруашылығын көрдім. 70  бұқа бордақылап отырған бұл азамматтан үлгі болатын ісін айтқым келді. Себебі тірлігінде көп мал бордақылайтын азаматтардан ерекшелігі бар. Ол неғұрлым аз шығын жұмсап,  мол табыс табуды көздейді.

Бірінші ерекшелігі 15 бұқа ертеңгілік 1 түк, кешке бір түк қана шөп жейді / шөпті турамай салады/. Малды екі жағынан бірдей алып байлаған бұл алдындағы шөпті шашып жеуге мүмкіндік бермейді. Мал азығына 5000 тук шөп, 70 тонна жарған жем дайындаған. Күніне 3 мезгіл жем береді / малдың негізгі қорегі жем./ Қора жайды жел кағып тұратындай салғандықтан  және тазалығы жоғары болғандықтан иіс те қатты байқалмайды. 5 жыл бойы 1 адамды жұмыспен қамтып 150 мың теңгеден жалақы төлеп келеді. Орта есеппен 5 ай байланған әр малдан 40-45 мың таза пайда табамын дейді.  Аллабердінің 5 айда /шығынын алып тастағандағы/ таза табысы 2.8-2.9 миллион теңге. Айға бөлсеңіз айлық табыс 560000 мың теңгені құрап тұр.

  "  Екінші ерекшелігі табыс жоғары болу үшін жем- шөпті науқан кезінде / шөп, жем дайындалып жатқан кезде/ аламын дейді және малды жас кезінде солтүстік облыстардан өсетін асыл тұқымынан алып, құмға мал бағатындарға қосып, аз шығынмен өсіруге тырысамын",- дейді.

    Мал бағу ата кәсібіміз болғанымен көбіміз осындай есепті / шығынды азайту жолын/ ескере бермегендіктен «табысы төмен болып кетті» деп ренжіп жатамыз.

     Мемлекеттік «Еңбек » бағдарламасы арқылы биыл көп азаматтар жаңа жұмыс орындарын ашты. Меркі  ауданының өзінде Облыс әкімі Бердібек Мәшбекұлының қолдауымен 555 мың теңгеден 895 азамат грант алып өз кәсіптерін бастады / 2019 ж 500 азамат алған/. Жақсы істі насихаттау еліміздің өсіп өркендеуіне үлесі зор. Енді осындай азаматтардың ісін мектептің жоғарғы сынып оқушыларына онлайн режимінде насихаттау жоспары бар. Жастарға ертерек кәсіптің сырын үйретсек, санасын ашсақ халықтың әлеуметтік жағдайы да тезірек жақсаратыны анық,- дейді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 10:35
Оралда әйелін өлтірген шенеунік қамауға алынды
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 10:10
Жыры бітпеген электронды жүйе
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 19.04.2021, 15:25
Кәсіпкердің көлігі өзеннен табылды
Сайт әкімшілігі 19.04.2021, 09:17
Нұр-Сұлтанның сол жағалауы отқа оранды
Сайт әкімшілігі 16.04.2021, 22:46
Жетісайдың қырықабаты экспортқа кетіп жатыр
Сайт әкімшілігі 16.04.2021, 15:51
Түркістанда балық шаруашылығы жақсы дамып келеді

Аңдатпа


  • Жыры бітпеген электронды жүйе
    10:10
  • Артық мұнай қоры бітуге жақын - БАҚ
    19.04.2021, 10:25
  • «Қабырғасы құлай ма» деп қорқамыз»
    16.04.2021, 10:32
  • 20 жыл тұрған баспанамыздан қуып жатыр (видео)
    15.04.2021, 12:06
  • Қонаевқа неге соқтыға береміз?
    14.04.2021, 09:08