Қарағанды облыстық денсаулық сақтау саласы 90-шы жылдардағы дағдарыстан қалай шықты

30 жылдың қорытындысы

Сайт әкімшілігі

10.11.2021, 15:44

211

Қарағанды облысында тәуелсіздік жылдары 40 емхана мен 15 аурухана салынды. Он жыл бұрын жаңартылған қан орталығы іске қосылды. Ауылда медицинаны дамытуға «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы көмектесті.

Өңір елімізде алғашқылардың бірі болып әлеуметтік салада мемлекеттік-жеке меншік серіктестікті енгізді. Соңғы төрт жылда Бизнес қаражатына Денсаулық сақтау саласында 43 жоба іске асырылды.

Облыс медицинасы қалай қалпына келіп, дамығанын Денсаулық сақтау ардагері Қанат Наурызбаев еске алады. Ол 90-шы жылдардың соңында бөлім басқарды, облыстық клиникалық аурухана мен медициналық-диагностикалық бірлестіктің бас дәрігері болды.

– 90-шы жылдары жүйе құлдырады, дәрі-дәрмектер болмады, дәрігерлер бірнеше ай бойы жалақы алмады. Қалай шыдадыңыздар барлығына?

– Кеңес дәуірінде құрылған Денсаулық сақтау базасының негізі мықты болды. 1977 жылы Алматыда медиктердің халықаралық конференциясы өтті, онда әлемнің 140 елінің өкілдері Қазақстанның жетістіктерін зерттеді. Тәуелсіз мемлекет жүйесі мықты негізге ие болды. Бірақ қиындықтарға тап болдық: барлық байланыстар үзілді, дәрі-дәрмектер, медициналық материалдар, жабдықтар жіткізу – барлығы тоқтады. Оған қоса қаражаттың жетіспеушілігі ерекше сезілді.

Бас дәрігер ретінде дәрі-дәрмек сатып алуға қаражат бөлу үшін жұмыс істейтін кәсіпорындардан көмек сұрадық.

Жалақының кешіктірілуіне қарамастан, дәрігерлердің көпшілігі өз мамандықтары мен дәрігерлік антына адалдықты сақтап қалды. Басқа салалардағыдай сауда-саттыққа жаппай ауысып кетпей, жұмыстарын жалғастырды және адамдарды емдеуін тоқтатпады.

Біртіндеп, мемлекет экономикасының қалыптасуымен бюджеттік қаржыландыру қалпына келтірілді.

 Жағдайдың оңалып келе жатқанын қашан сезіндіңіз?

– 90-шы жылдардың ортасында Денсаулық сақтау саласына жаңа экономикалық тәсілдер енгізіле бастады. Кейін медициналық қызметтерді төлеу комитеті жұмыс істей бастады. Емханаларда жан басына қаржыландыру енгізілді.

Қарағандылықтар көбінесе жаңалық енгізетін ізашарлар болды. Мысалы, бірінші болып стационарларда емделіп шыққан науқас үшін сараланған төлем енгізілді. Бірте-бірте ақшаны санап, ақша табуды үйрендік.

90-шы жылдары Қарағанды диагностикалық орталығы процестерді басқарудың ақпараттық жүйесін құрған жас техникалық мамандар тобын жинады. Бұл жақсы негіз болды. Бірнеше жылдар өткен соң, осы команданың мүшелері медициналық көмектің сапасы мен қол жетімділігін арттыруға арналған KMIS бағдарламасын, DamuMed қосымшасын жасады.

– Сіз облыстық департамент басшысы болып жұмыс істеген кезде денсаулық сақтау бюджеті қандай болды?

– Барлығы 2 млрд теңге. Қазір қаржыландыру он есеге өсіп, 90 млрд теңгеге жетті.

Біз денсаулық сақтау нысандарында бүгінгі күні істеп тұрған аппаратура туралы тек армандайтынбыз. Жаңа УДЗ аппараттарының өзіне керемет қуанатынбыз. 2006 жылы Қарағанды облыстық көпсалалы емдеу-диагностика бірлестігінде неміс өндірісінің алғашқы магниттік-резонанстық томографы пайда болды. Онда жұмыс істеу үшін радиациялық диагностика бөлімінің меңгерушісі австриялық клиникада оқу оқып келді. Бұл біз үшін керемет болып көрінді. Бірақ сол кездің өзінде біз ісіктерді ерте кезеңдерде анықтай алдық.

Ал қазір МРТ, КТ қызметтері – үйреншікті жайт. Аппараттар анағұрлым қуаттырақ. Қаржы құю медицинаны заманауи жабдықтармен жарақтандыруға мүмкіндік берді.

– Ал МЖӘ-нің пайдасы неде?

– Бұл инфрақұрылымды дамытудағы оң қадам. Жасыратыны жоқ, мемлекеттік емханалардың жүктемелілігі шамадан тыс болды, бұл өз кезегінде сапаға әсер етті. Жеке меншік емханалар мемлекеттік тапсырыс жүйесіне қатысады. Науқастардың ағыны тиісінше таратылды, медициналық көмек қол жетімді бола түсті, пациентте таңдау мүмкіндігі пайда болды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 17:45
Шиелі ауданында 3297 жаңа жұмыс орны ашылды
Сайт әкімшілігі 16:19
Шиелі ауданында 3297 жаңа жұмыс орны ашылды
Бифат ЕЛТАЕВА 12:21
Ғибраты мол байқау
Сайт әкімшілігі 08:37
Павлодарда лак-бояу өнімдері қоймасында алапат өрт болды
Сайт әкімшілігі 26.11.2021, 13:30
Қарағандыда тағы бір ферроқорытпа зауыты ашылды
Сайт әкімшілігі 26.11.2021, 12:16
Жезқазған ақыны Қарағандыда өткен республикалық айтыста Бас жүлде иегері атанды

Аңдатпа


  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    26.10.2021, 11:14
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30