17.09.2021, 08:28
1072
Оқу жылының басталғанына санаулы күн ғана болды. Облыс мектептерінде алғашқы тоқсанның ортасына жетпей-ақ, жұқпалы індет көбейіп барады. 1-қыркүйектен бастап аймақтағы 144 мектепте короновирустық жағдай тіркелді. Аса алаңдатарлығы, қауіпті індет балаларға ауыз салуда. Кешегі күнге дейін 450 оқушы короновирусты жұқтырған. Мектептегі 31 мұғалімнен кесел анықталып отыр. Аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы білім мекемелерінде эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізді.
— «Сырқаттанушылармен жақын байланыста болғандар тобы белгіленіп, барлығы үй карантиніне жіберілді. Науқастардың денсаулығын дәрігерлер бақылауға алды»,-деп мәлімдеді ведмоствоның ресми өкілі Айгүл Шатекова.
Жаңа зардаптарды бастан өткізіп жатқан мектептерге бұл індет ауыр салмақ түсіріп жатқаны кәдік. Бірақ, бәрінен бұрын оқиғаны естіп-біліп отырған ата-аналардың дегбірі кетуде.
— Балам 5-сыныпта оқиды. Қызым оқитын мектеп бір аптаның ішінде екі мәрте дизинфекцияға жабылды. КВИ шыққан сайын санитарлық тазалау әдісі жасалатыны түсінікті. Алайда, химиялық дәрілеудің салдары қайткен күнде де, бала денсаулығына зиянын тигізері кәдік. Осыны білім саласының басшылары неге ойламайды? Олар шешпесе, бұл іске мемлекет кірісін! Жас ұрпақтың өмірі бәрінен қымбат деген қағиданың дақпырт болғаны ма? -дейді ата-ана- Күләш Сабырқызы.
Осы ретте, жалпы білім беру ошағында COVID қанша пайызға жеткенде жабылады деген сауалымызға аймақтық тазалық-індетті қадағалау мекемесінің өкілі мынадай жауап қайтарды:
-Көрсеткіш пайызбен өлшенбейді. Ол мектепте орын алып отырған эпидахуалға байланысты болады. Ал, білім ордасын онлайн форматқа көшіру жөніндегі шешім ҚРДСМ санитарлық-эпидемиологиялық комитетімен келісілген соң ғана қабылданады,-дейді Айгүл Шаткенова. Өкінішке қарай, аналар ұсынысына құлақ асуға мектептер дәрменсіздік танытуда.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР