Салықтық түсімдер 110,3 пайыз

Сайт әкімшілігі

12.12.2020, 16:20

205

«Жыл басынан бергі 11 айдың қорытындысы бойынша Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіштері облыстың нақты жетістіктерін көрсетеді. Өндірістің өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, сауда, көлік және байланыс секілді алты негізгі салаларының даму динамикасына қарайтын болсақ, оның қысқа мерзімді экономикалық индикаторы 102,5 пайызды құрап отыр»,- деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиында экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекова.

Ол сондай-ақ ҚР Премьер-Министрі мен облыс әкімінің  арасындағы меморандумында белгіленген индикаторлардың орындалуы туралы да айтты.

Жауынбекованың айтуынша, қазіргі таңда 22 индикатордың 18-не қол жеткізілсе, біреуі асыра орындалған. Ал, 3 индикаторға қол жеткізілмеді. Өнеркәсіп өнімдерінің экспорты мен негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу көрсеткіштері төмен болған. Ал, үшінші индикатордың орындалмауына ана өлімі әсер еткен.

Өткен кезеңде облыстық бюджеттің атқарылуы кірістер бойынша 102 пайызды құрады, салықтық түсімдер 110,3 пайызға қамтамасыз етілген. Бұл ретте облыс бойынша бюджет қаражатын игеру 99,4 пайызды құрады. Қаржы басқармасының басшысы Роза Исаеваның айтуынша, бүгінгі таңда игерілмеген 2 миллиард 493 миллион теңге қалып отыр. Осы орайда жұмысы ең сылбыр Шу ауданы десек, онда игерілмеген бюджет қаражатының көлемі 329,7 миллион теңгені құрайды.

Алдын ала есептеулер бойынша денсаулық сақтау басқармасында 364 миллион теңгеден астам қаражат игерілмей қалу ықтималдылығы айтылды. Бұл тізімге Тараз қаласы, Байзақ ауданы, кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы да енеді. Бюджет қаражатының игерілмеуінің негізгі себептері ретінде жұмыстың кеш басталуы, тауарлардың уақытылы жеткізілмеуі аталды.

Бердібек Сапарбаев аудандар мен Тараз қаласының әкімдеріне бөлінген бюджет қаражатын игеруге және 2020 жылға белгіленген міндеттемелерді орындауға бар күш-жігерлерін салуды тапсырды. Ол сонымен қатар ірі кәсіпорын басшыларының жылды жалақы мен салық берешегінсіз аяқтауына назар аударды.

— Жалпы, жыл табысты аяқталуда. Бірақ қалған уақытта да бәріміз аянбай еңбек етуіміз керек. Алдымен, жыл басында қабылданған міндеттемелердің орындалуын, жалақы мен салық қарыздарын төленуін қамтамасыз ету қажет, — деді ол.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 12:20
Бөкейде дүбірлеген той өтті
Миуа БАЙНАЗАРОВА 09:44
Сапалы білім – болашаққа құйылған инвестиция
Жарас КЕМЕЛЖАН 09:10
Сейітқазы Матаев: Төртінші билік? Биліктің көзіне шыққан сүйелміз
Еркежан АРЫН 25.10.2021, 08:48
Қазақстандағы гендерлік саясат үнемі сабақтастық пен тепе-теңдік принциптеріне негізделген
Сайт әкімшілігі 22.10.2021, 19:13
Ы.Жақаевтың 130 жылдық мерейтойына орай ауыр атлетикадан жасөспірімдер турнирі өтті
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 22.10.2021, 14:40
Тас жолдарды тоздырған жүк көліктері жүгенсіз кетті

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    11:14
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01