Шымкентте жаңа автобус бағыттары қосылады

Сайт әкімшілігі

08.11.2020, 07:57

606

Шымкент қаласында шалғай орналасқан елдімекендерде қоғамдық көлік мәселесін шешу мақсатында 17 қыркүйектен бастап Солтүстік саяжайға №108а автобусы тұрақты қызмет көрсетіп жатыр. Желтоқсан айында №45 автобус бағытының жұмысын 10 минут жиілікпен Солтүстік саяжайға ұйымдастыру жоспарлануда .

Бұл жөнінде Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов азаматтардың жеке сұрақтары бойынша онлайн қабылдау барысында мәлімдеді. Қалаға жыл соңына дейін 600-ге жуық газбен жүретін автобус алынатынын айтты.

Сондай-ақ,  онлайн қабылдауда азаматтар негізінен әлеуметтік мәселелер, тұрғын үй және жер құжаттарын рәсімдеу бойынша сауалдарын ортаға салды.

Қала тұрғыны Эльмира Мамедова Республика даңғылы бойындағы «Эмиль» сауда үйінің алдындағы автотұрақ мәселесі бойынша шағымданды. Айтуынша, сауда үйіне келушілер мен жол жөндеу жұмыстарының барысында жол кептелісі орын алуда.

— Республика даңғылында жол жөндеу жұмыстары толығымен келер жылы аяқталады. Республика даңғылын орташа жөндеу жұмыстары аясында жол қозғалысы ережесінің талаптарын сақтай отырып Сіз сұрап отырған учаскеде автотұрақ ұйымдастырылады, — деген қала әкімі бұл бағыттағы жұмысты 2021 жылдың 1-ші жартыжылдығында жүргізу жөнінде сала басшысына тапсырма берді.

Әрбір тұрғынның мәселесін жіті тыңдаған шаһар басшысы барлығы заң жүзінде шешілетінін жеткізді

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 10:30
Келесте 14 мал ұрлығына қатысы бар топ ұсталды
Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 09:43
Коронавирус жұқтырған жеті қазақстандық ауыр жағдайда жатыр
Сайт әкімшілігі 21.05.2022, 19:13
Шымкенттегі жарылыс: Оқиға салдарынан бір нәресте шетінеді
Сайт әкімшілігі 21.05.2022, 18:29
Шымкент:Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы жарылысқа байланысты шұғыл брифинг берді
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 20.05.2022, 11:50
Кәсіпкерлік ортаның бәсекесі қыза бастады
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 19.05.2022, 11:25
Қарағанөзектік балалар өлімге бас тігіп жүріп білім алуда

Аңдатпа


  • НӘН-байдың заманы мен зауалы
    20.05.2022, 08:09
  • Амалбек Тшанов: Бұлардың көзқұрты – колледжің жері
    20.05.2022, 08:01
  • Келесте 14 мал ұрлығына қатысы бар топ ұсталды
    23.05.2022, 10:30
  • Мусин міз бақпайды
    19.05.2022, 08:52
  • Сор болған стрестік активтер
    19.05.2022, 08:56