Тоқаевтың тапсырмасы неге орындалмады?

Нұр-Қасым ЖОМАРТ

22.09.2020, 04:41

793

Президенттің тапсырмасы бойынша Арал ауданы Сексеуіл кентінде салынып жатқан білім ошағы жоспарланған жаңа оқу жылында аяқталмай қалды.

Естеріңізге сала кетейік, бұл мектептің құрылыс тарихы «Egemen Qazaqstan» газетіндегі «Теміржолды жағалап топ бала жүр» атты мақаладан  басталған болатын. Онда Сексеуіл кентінің желілік бөлігінде тұратын 360 оқушы күнделікті мектепке бару үшін 13 теміржол желісін аттап өтеді. Осы теміржолдың арғы бетінде 100-ден астам отбасы тұрса да, онда мектеп болған емес. Сондықтан балалар кент орталығына теміржолды кесіп өтіп  баруға мәжбүр.

Аталмыш мәселе баспасөз бетіне шыққаннан кейін мемлекет басшысы әлеуметтік желіде: «Бұл өзекті мәселе, оны шешу үшін үкімет нақты шаралар қабылдауы керек», – деп тапсырма берген болатын.

Осы тапсырмадан соң, Сексеуілде 300 орындық жаңа мектеп салуға республикалық бюджеттен 800 миллион теңге бөлінді. Қысқа мерзімде құрылысқа қажетті барлық құжаттар дайындалды, мердігері анықталды. Көктемде Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова нысан басындағы жұмыстарды бажайлаған соң, «балалар 1 қыркүйекте жаңа мектепке оқуға бару үшін» учаскедегі жұмыстарды жеделдетуді тапсырған еді.

Бірақ жоспарланған нәрсені орындау мүмкін болмады. «Тоқаев мектебі» аталып кеткен Сексеуілдегі бұл құрылыс жаңа оқу жылы басталып кетсе де, әлі күнге дайын емес. «Жыл соңына дейін мектепті тапсыру жоспарланып отыр. Құрылысшылар кестеден сәл шығып кетті, өйткені пандемияға байланысты құрылыс материалдарын жеткізу баяулады», – дейді облыс әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов.

Айта кетейік, Қызылорда облысында ағымдағы оқу жылында 293 мектепте 169 173 оқушы білім алса, оның 18 423-і бірінші сынып оқушысы. Өңірдің 220 мектебінде қашықтан білім алуда, қалғандары дәстүрлі күндізгі оқу түрін қолданады. Бұл, негізінен, сыныптар аз қамтылған шағын ауыл мектептері. Облыс мектептерінің 20 259 мұғалімінің 18 мыңы қашықтан оқыту бойынша арнайы онлайн-курстардан өткен.

– Мектептерде күнделікті үш кезеңді дезинфекция жүргізіледі. Бұл мектеп оқушылары мен мұғалімдердің сыртқы киімдерін, ғимаратқа кіретін кез келген адамды арнайы туннель арқылы дезинфекциялау, аяқкиімді арнайы дезинфекциялық кілемшелермен тазарту, санитайзерлердің көмегімен қолды антисептиктермен өңдеу. Сондай-ақ оқушылар мен мұғалімдердің дене температурасын күн сайын өлшеу, медициналық маска кию міндетті болып табылады. Әр үзіліс кезінде сыныптар желдетіліп, оларға ылғалды тазалау жүргізіледі. Балаларды отырғызу кезінде әлеуметтік қашықтық ескеріледі, – дейді облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова.

Айта кетер жайт, өңірдегі мектептерде санитарлық шараларға 182 миллион теңге бөлінген.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 09:16
Құба даланы бұғаттағандарға бұғалық неге салынбайды?
Мамыр ТӘУКЕЕВ 08:54
Балқаш: Ем қайда, су қайда?
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 12.04.2021, 17:01
Қарағанды облысында карантин талабы күшейтілді
Сайт әкімшілігі 12.04.2021, 14:14
Алматыэпидемиологиялық жағдайы айтылды
Сайт әкімшілігі 10.04.2021, 14:56
1 гектардан 8 миллион теңге табыс табуға болады
Сайт әкімшілігі 10.04.2021, 14:54
Түркістанда халықаралық ұйымның декларациясы қабылданды

Аңдатпа


  • Дағдарысты ауылдан жауап
    09.04.2021, 08:46
  • Жылқы бағып, мотоцикл мінген әзиз әжелер
    08.04.2021, 14:24
  • Ашынғаннан шыққан ащы дауыс
    09.04.2021, 09:03
  • Семейде 170 жаңа автобустың 70-і жүруге жарамай тұр
    08.04.2021, 09:08
  • Қонаевқа неге соқтыға береміз? Досановтың романы: қайран тіл, қайран сөз
    06.04.2021, 09:16