Түркістанда коронавирусқа қарсы екпе салдыру басталды

Сайт әкімшілігі

05.02.2021, 10:40

1090

Түркістан облысында  коронавирусқа қарсы вакцинация басталды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

 Түркістан облысы әкімінің орынбасары Арман Сәбитов, қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимов, бас санитарлық дәрігер Нұрбек Нышанов алғашқы болып ресейлік Sputnik V вакцинасын салдырды. Алдымен олар дәрігерлерге қаралды. Вакцинация Түркістан қаласындағы орталық емханада өтті. Вакцина алғаннан кейін 30 минут бойы дәрігерлер бақылауында болды. Түркістан облысында бүгін 250 адамға вакцина салу жоспарланған.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстанда 1 ақпаннан бастап ерікті түрде халыққа кезең-кезеңімен вакцина егу басталды. Ресейде өндірілген Sputnik V вакцинасының бірінші партиясы Түркістан облысына 1300 доза мөлшерінде жеткізіліп, барлық аудандарға таратылды. Бұрын қол жеткізілген келісімдер негізінде Қарағанды фармацевтикалық кешені вакциналардың алғашқы партиясын жеткізуді жүзеге асырды.

Вакцинаны тек кәмелетке толған Қазақстан азаматтары ғана ала алады. Облыста коронавирусқа қарсы вакцинация 2021 жылдың соңына дейін жалғасады, оған 950 мың адам қатысады деп жоспарлануда. Бірінші кезеңде инфекциялық ауруханалардың, жедел медициналық жәрдемінің, реанимация бөлімшелерінің, қабылдау бөлімдерінің медицина қызметкерлері вакцинациялана алады.

Вакцинациялауға профилактикалық егуге қарсы көрсетілімдері жоқ адамдар жіберіледі. Алдымен азаматтар дәрігердің міндетті тексеуінен өтеді. Түркістан облысында егу пункттерінің дайындығы тексеріліп, профилактикалық егулерді жүргізу мәселелері бойынша стандартты операциялық рәсімдер бекітілді. Медицина қызметкерлері оқытылды.

Айта кетейік, вакцинация коронавирустың одан әрі таралуына жол бермей, қатаң локдаун енгізубеудің жалғыз баламасы болып табылады. 

Тегтер: медицина біліктілік. коронавирус індет қауіп қатер

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

М.СӘУЛЕБЕК 24.09.2021, 15:04
Инвесторлар үшін тартымды өңір
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 24.09.2021, 11:13
Жезқазғанда экспедиция қатысушылары бұрын зерттелмеген петроглифтерді анықтады
Сайт әкімшілігі 24.09.2021, 09:25
Нұр-Сұлтаннан Ыстамбұлға шыққан ұшақ шұғыл қонды
Еркежан АРЫН 23.09.2021, 15:30
Жастардың мемлекеттік саясаты өзгеруі мүмкін
Еркежан АРЫН 23.09.2021, 13:00
Еріктілер вакцинаның маңыздылығын насихаттауда
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 23.09.2021, 08:30
Сарандағы РТБ зауыты ауданында тіршілік жаңарды

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39