Жамбылда тұрғын үй құрылысы қызу жүруде

Сайт әкімшілігі

05.12.2020, 20:30

303

Жалпы, биыл Жамбылда тұрғын үй құрылысы жоғары қарқынмен жүріп жатқанын аңғару қиын емес. Бұл ретте мемлекеттік бағдарламалардан бөлек, Сапарбаевтың бастамасымен асарлатып салынып жатқан үйлерді қосыңыз. Карантинге қарамай тыраштанып там салып жатқан жамбылдықтардың да қарасы көбейгенін байқауға болады.   

Бұл ретте биыл 460,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, өсім 7 пайызды құраған. Жыл соңына дейін тағы да 615 мың шаршы метр тұрғын үйдің құрылысын аяқтау жоспарланып отыр екен. «Нұрлы жер» және жұмыспен қамтудың жол картасы аясында тұрғын үйлер мен инженерлік желілердің құрылысына 33,2 миллиард теңге бөлініпті.

Нұр-Сұлтандағы баспасөз мәслихатында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жол, ауыз су, газдандыру және тағы басқа мәселелер бойынша да ақтарыла айтты.

— Биыл Жамбылда автожол саласын дамытуға 26,7 миллиард теңге қаралған болса, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,3 есеге артты. Мемлекеттік бағдарламалар аясында 1346,1 шақырым жолдар салынып, жөнделді. Нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдар үлесі 85 пайыздан 90 пайызға артып, елді мекен көшелері 59,5 пайыздан 77,2 пайызға жаңаланбақ.Жыл соңына дейін 39 елді мекендегі 84 мың тұрғын ауызсумен қамтылатын болса, ауыл тұрғындарын ауызсумен қамтамасыз ету деңгейі 73,3 пайыздан 82,3 пайызға дейін артады.Газдандыруға келсек, жыл соңына дейін 45 елді мекендегі 120 мың тұрғын көгілдір отынға қол жеткізеді. Бұған 14,1 миллиард теңге жұмсалатын болса, газбен қамтылған тұрғындардың саны 74,4 пайыздан 82,4 пайызға өседі.Есепті кезеңде өңірде жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 72,8 мың адам қамтылды. «Еңбек» бағдарламасы 51 мыңнан аса адам тартылып, 20,6 мың адам жұмысқа орналастырылды. Бұдан бөлек 30,6 мың жаңа жұмыс орны ашылып, 19,1 мыңы тұрақты жұмыс орнын таба білді.Бұл жерде жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы көп демеу болғанын айта кеткен жөн. Бағдарлама аясында 20 мың жұмыс орны құрылып, 809 жобаны іске асыруға 64,2 миллиард теңге бөлінді.Аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға 51 мың компьютер және 16 мыңнан астам роутер-модем үлестірілді.Жыл басынан бері жан басына шаққандағы халықтың орташа табысы 70,3 мың теңгеден 78,7 мыңға өссе, орташа айлық жалақы 127 мың теңгеден 150,4 мыңға артты,- деді Б.Сапарбаев.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 15.01.2021, 10:02
Бөлекбаев қарағандылықтардың қалтырап отырғаны үшін кешірім сұрады
Миуа БАЙНАЗАРОВА 15.01.2021, 09:54
Жол сапасы неге нашар?
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 15.01.2021, 08:53
Жедел жәрдем мамандары қысым көргендерін айтып шу шығарды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 14.01.2021, 16:52
Шахтадағы апат: кеншілердің бірі қаза болды, қалғандары ауруханада ем алуда
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 14.01.2021, 13:07
Ленин шахтасында апатты жағдайдан машинист шыға алмады
Нұрболат ӘЛДИБЕК 14.01.2021, 12:19
Таразда Қонаевқа ескерткіш қойылады

Аңдатпа


  • Жұрт жадындағы Жолдасбек
    10.01.2021, 00:33
  • «Жас Алашым» – жастық шағым
    15.01.2021, 10:07
  • Қуат Хамитов: Қазағы көп жерге кетіп барамын
    14.01.2021, 13:01
  • «Әр таңымызды үреймен қарсы аламыз» (видео)
    14.01.2021, 11:41
  • "Жас Алаш" жазды, Егіндібұлақ елінің еңсесі көтерілді
    13.01.2021, 07:11