Жасыл экономика сән бе, әлде қажеттілік пе?

Тілек ҚАЙЫРБЕКҰЛЫ

14.04.2021, 20:36

848

         Соңғы онжылдықта дамыған және дамушы елдер жасыл экономиканы дамытуға айрықша мән бере бастады. Сарапшылар «бұл бағыт экономикалық өсімге жеткізеді» деседі.  «Жасыл өсу» тұжырымдамасы 2000 жылдардың аяғынан енгізілгеннен бері бірқатар елдердің экономикалық саясатының ажырамас бөлігі болды. Шындап келгенде осы жасыл экономика сән бе, әлде қажеттілік пе? Бүгін біз осы сауалдарға жауап іздеп көрдік.

       Алғаш рет экономикалық модельдерді олардың экологиялық таза пайдасына модернизациялау туралы ХХ ғасырдың 70-жылдарында айтылды. 1973 жылғы мұнай дағдарысынан кейін энергия ресурстарының бағасы айтарлықтай өсті. Бұл әлемді энергия тиімділігі, жаңа технологиялар және жаңартылатын энергия көздері туралы ойлануға мәжбүр етті.

        Негізінде, ұлттық кірістер өсіп келе жатқанда бүкіл әлемде экологиялық тұрақтылық төмендейді. Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF) есебі бойынша қазір 10 жыл бұрын тірі планета индексі 1970 жылмен салыстырғанда 30 пайыз төмендегенін көрсетті. Осыған орай, нақ қазір Қазақстан үшін жасыл экономика табиғи капиталды, экожүйелер мен биоалуантүрлілікті сақтау үшін, сонымен бірге табыспен және жұмыспен қамтудың өсуін қамтамасыз ету үшін қажет. Бұл тұжырымдама тұрақты даму тұжырымдамасының бөлігі ретінде пайда болды.

       Экономикалық өсу сөзсіз үлкен экологиялық шығындарға алып келетінін түсіне отырып, әлемнің ірі экономикалары орнықты даму тұжырымдамасын іске асыруға және жасыл экономиканы шын мәнінде тиімді даму моделіне айналдыруға тырысуда. Егер Қазақстан әлемнің үздік экономикаларымен бір қатарда тұрғысы келсе, оған да осы мақсатқа ұмтылу керек.

       Рас, бүгінде қоғам «жасыл экономика» сөзінің мәнін әртүрлі түсінетінін мойындау керек. Кейбіреулер бұл елдің табиғатын жақсартатын экономиканың жаңа салалары деп санайды. Басқалары бұл табиғатқа көмектесуге және пайда табуға арналған жаңа технологиялар, экожүйенің бір түрі деп түсінеді. Тағы біреулері бұл дамудың жаңа кезеңіне көшу деп санайды, оның мақсаты экологиялық таза өнімдерді құру болып табылады. Бірінші кезекте жасыл экономика қазіргі уақытта сарқылуға ұшыраған ресурстарды – пайдалы қазбалар: мұнай мен газды үнемді тұтынуға және таусылмайтын ресурстарды ұтымды пайдалануға бағытталған.

         Мұндай экономиканың негізі – таза немесе жасыл технологиялар. Мамандардың пікірінше, жасыл экономиканы дамыту Қазақстанға экологиялық дағдарысты болдырмауға мүмкіндік береді. Қазақстанның жасыл экономикаға көшу жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру үш кезеңге жоспарланған болатын. Еліміз 2050 жылға дейін толығымен жасыл экономикаға көшуге ниетті. Атап айтқанда, биылдың өзінде бірінші кезеңді іске асыру аяқталады. Бірінші кезең –  2013-20 жылдар, ресурстарды пайдалануды оңтайландыру және табиғат қорғау қызметінің тиімділігін арттыру, сондай-ақ жасыл инфрақұрылым құру. Екінші кезең – 2020-30 жылдар, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, жоғары технологиялар базасында жаңартылатын энергетиканы енгізу. Үшінші кезең –  2030-50 жылдар, ұлттық экономиканың «үшінші өнеркәсіптік революция» қағидаттарына көшуі, оның негізіне табиғи ресурстарды жаңартылатын жағдайда пайдалану жатады.

      Тұжырымдамаға сәйкес, жасыл экономикаға көшу жөніндегі шаралар: су ресурстарын орнықты пайдалану, орнықты және өнімділігі жоғары ауыл шаруашылығын дамыту, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, электр энергетикасын дамыту, қалдықтарды басқару жүйесі, ауаның ластануын азайту және экожүйелерді сақтау және тиімді басқару бағыттары бойынша іске асырылады.

        Жасыл энергетикаға көшу, жасыл технологияларды енгізу – жаһандық экономиканың өсіп келе жатқан векторы екенін мысал еткен Нұрсұлтан Назарбаев осы тақырып бойынша сөйлеген сөзінде: «Қазақстан көмірсутектерді қоса алғанда, біздің жер қойнауымызда орасан зор табиғи байлықтардың болуына қарамастан, жаңартылатын энергия көздерін белсенді түрде дамытуға ниетті. «Қазақстан 2050» стратегиясында осындай міндеттер қойылған. Біз жыл сайын жасыл жаңғыртуға ұлттық ЖІӨ-нің 2 пайыз көлемінде қаражат инвестициялауға ниеттіміз», – деген болатын. Мұның бәрі жасыл экономикаға көшу тұжырымдамасында көрініс тапқан және қабылданған.

        Тұжырымдама бекітілді, міндеттер белгіленді, құралдар анықталды. Шағын мәселе қалды – сананы «көгалдандыру». Үнемдеу және энергия ресурстарына ұқыпты қарау әрбір қазақстандықтың өмір сүру қағидатына айналуға тиіс.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 05.06.2023, 08:20
Таиландта комаға түскен қазақстандық көз жұмды
Сайт әкімшілігі 02.06.2023, 20:00
Алматыда көру қабілеті бұзылған балалар арасында шоудаун бойынша Қазақстандағы алғашқы турнир өтеді
Б.СӘРСЕНБІ 02.06.2023, 13:24
Идея – жастардан, қолдау – мемлекеттен!
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 02.06.2023, 12:23
Мағынасыз көше атаулары өзгереді
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 02.06.2023, 07:55
БАӘ Қарағандыдан саумал сатып алады
Бифат ЕЛТАЕВА 01.06.2023, 13:08
Ерікті жастардың қоғамға тигізер пайдасы

Аңдатпа


  • Ораловтың барында...
    06.06.2023, 10:17
  • Ұстағанның қолындағы, тістегеннің аузындағы қазақ ураны
    06.06.2023, 09:46
  • Жалған кәсіпкерлер, алаяқ аналар
    06.06.2023, 09:00
  • Өзбекстан қай жолды таңдады?
    02.06.2023, 10:15
  • Жұманғариннің жиналыстары. Бас шұлғитын әкімдер, орындалмайтын тапсырмалар
    01.06.2023, 10:11