Өзбекстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатымен қоштасты
2026 жылғы футболдан әлем чемпионатында Өзбекстан құрамасы топтық кезеңнен аса алмады. 28 маусымға қараған түні К тобының үшінші турында олар Конго Демократиялық Республикасынан 1:3 есебімен жеңіліп, турнирдегі ойынын аяқтады.
Кездесу АҚШ-тың Атланта қаласындағы Mercedes-Benz Stadium стадионында өтті. Бас төреші қызметін Германиялық төреші Феликс Цвайер атқарды.
Өзбекстан құрамасы матчтағы есепті 10-минутта ашты. Аббосбек Файзуллаевтың нәтижелі пасынан кейін Элдор Шомуродов дәл соққы жасап, командасын алға шығарды.
Алайда африкалық команда кейіннен ойын тізгінін өз қолына алды. Конго құрамасы сапынан Йоан Висса екі гол соқса, Фистон Майеле бір рет мергендік танытты. Осы жеңістің арқасында Конго Демократиялық Республикасы төрт ұпай жинап, үшінші орынмен 1/16 финалға жолдама алды.
Өзбекстан құрамасы осылайша тарихи алғашқы әлем чемпионатындағы жорығын аяқтады. Бұған дейін Фабио Каннаваро жаттықтыратын команда алғашқы екі турда Колумбиядан 1:3 есебімен, ал Португалиядан 0:5 есебімен жеңілген болатын.
2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр.