спорт

«Олимпиадаға бармаймын»: Данияр Елеусінов шулы мәселеге нүкте қойды

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов өзінің Париж Олимпиадасына қатыспайтынын мәлімдеді, деп жазды Zhasalash.kz.

Фото: из открытых источников

«Уақыт тығыз. Олимпиадаға баруға ұсыныс болды, бірақ мен бірден бас тарттым. Жылдар бойы дайындалған жігіттер барсын. Ал мен кәсіби бокстамын», - деді Данияр.

Айта кетелік, бұған дейін Данияр Елеусінов пен Шымбергеновтің қайсысы Париж Олимпиадасына баратыны көпті ойландырған еді.

71 келі салмақта Италиядағы лицензиялық турнирге Асланбек Шымбергенов қатысады.

Сайт Әкімшілігі