спорт

Абылайхан Жүсіпов әлем чемпионын жеңіп, Әлем кубогының финалына шықты

Қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан World Boxing ұйымының Әлем кубогының екінші кезеңінде финалға жолдама алды.

Фото: ашық дереккөз

70 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жартылай финалда ол Иордания өкілі, Азия чемпионы Зияд Ишаишпен кездесті.

Жекпе-жек екінші раундта тоқтатылды. Иорданиялық боксшының қабағы жарылып, төрешілер жеңісті Абылайхан Жүсіповке берді.

Осылайша, қазақстандық былғары қолғап шебері турнирдің финалына шықса, Зияд Ишаиш қола жүлдені қанағат тұтты.

Айта кетейік, бұған дейін Қытайдағы Әлем кубогының финалына Қазақстан құрамасынан Назым Қызайбай (50 келі) мен Виктория Графеева (60 келі) жолдама алған болатын.

Сайт Әкімшілігі