Қоғам

Қазақстанда стрим арқылы сауда жасайтындар да салық бақылауына ілігуі мүмкін

Қазақстанда әлеуметтік желілерде тікелей эфир (стрим) арқылы тауар сатып, төлемді жеке мобильді аударыммен қабылдайтын азаматтар да салық органдарының бақылауына алынады.

Фото: Жас Алаш (ЖИ)

Мемлекеттік кірістер комитетінің өндірістік емес төлемдерді және жеке тұлғалардың толықтыруларын әкімшілендіру департаментінің директоры Шындали Заңғардың айтуынша, әлеуметтік желі арқылы тұрақты табыс табу кәсіпкерлік қызметке жатады. Сондықтан мұндай қызметпен айналысатын азаматтар заң талаптарына сәйкес тіркеліп, салық төлеуі тиіс.

Оның сөзінше, егер онлайн-сатушының жеке шотына қатарынан үш ай бойы 100 түрлі адамнан ақша аударылса, оған салық органдарынан хабарлама жіберіледі.

Шындали Заңғар бұл шараның мақсаты тек бюджет кірісін арттыру емес, барлық кәсіпкерлер үшін әділ бәсекелестік ортаны қалыптастыру екенін атап өтті.

Сайт Әкімшілігі