Live

Мәжіліс депутаты Назарбаевқа қатысты рейдерлік істі қайта қарауды сұрады

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Бас прокурорға ресми сауал жолдап, Нұрбол Назарбаевтың аталған рейдерлік істерін қайта қарауды талап етті.

Фото: zhasalash.kz

Депутаттың айтуынша, оған кәсіпкерлер мен қарапайым азаматтардан әділет іздеген ондаған өтініш түскен. Солардың бірі – қарағандылық кәсіпкер Қуат Ерментаев. Ол Нұрбол Назарбаевтың ықпалымен компаниядағы үлесінен айырылып, бизнесін рейдерлік жолмен тартып алғанын мәлімдеген.

2022 жылы Алматы прокуратурасы мен Экономикалық тергеп-тексеру департаменті іс бойынша қылмыстық іс қозғаған, бірақ 2024 жылы «қылмыс құрамының жоқтығына байланысты» істі тоқтатқан. Мәжілісмен бұл шешімді «Назарбаевтар әулетінің мүддесіне жасалған қадам» деп бағалайды.

– Егер құқық қорғау органдары зардап шеккен азаматтардың көз жасына толы өтініштерін жылы жауып қоя берсе, бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан» бастамасына қарсы қастықпен пара-пар, - деді депутат.

Депутаттың пікірінше, құқық қорғау органдары зардап шеккен азаматтардың өтініштерін назарға алмаса, бұл Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан» бастамасына қарсы қастыққа тең.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Бапи