спорт

АЛМАТ ЖҰМАНОВ WBC LATINO SILVER ЧЕМПИОНДЫҚ БЕЛБЕУІН ЖЕҢІП АЛДЫ

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Алмат Жұманов (Qazaq Titan) 16 мамыр күні Эквадор астанасы Кито қаласында өткен жекпе-жекте WBC Latino Silver чемпиондық белбеуін жеңіп алды.

Фото: Аслан Қажиев

Отандасымыздың қарсыласы — венесуэлалық боксшы Фелип Ларез. Супер орта салмақта ұйымдастырылған кездесу Алмат Жұмановтың пайдасына үшінші раундта техникалық нокаутпен аяқталды. Екінші раунд барысында венесуэлалық спортшы екі мәрте нокдаунға түсті.

Осылайша, Алмат Жұманов WBC тұжырымы бойынша Латын Америкасында чемпион атанған алғашқы қазақ атанды.

Сайт Әкімшілігі