Live

Жапония жағалауында 7,5 балдвқ қуатты жер сілкінісі тіркелді

Жапония маңындағы теңізде магнитудасы 7,5 болатын күшті жер сілкінісі болды.

Фото: ашық дереккөз

 Дүмпу салдарынан цунами қаупі жарияланып, елдің солтүстік аймақтарында шұғыл эвакуация басталды.

Аомори мен Ивате префектураларында билік кемінде 20 мың тұрғынды қауіпсіз жерге көшіру туралы шешім қабылдады.

Алғашқы цунами толқындары жағалауға жетіп үлгерді. Ивате өңіріндегі Куджи портында толқын биіктігі шамамен 80 сантиметрге жеткені тіркелді.

Мамандардың ескертуінше, алдағы уақытта толқындар 3 метрге дейін көтерілуі мүмкін. Осыған байланысты тұрғындарға жағалау аймақтарына жақындамау қатаң ескертілді.

Сайт Әкімшілігі