Тоқаевтың бұрынғы баспасөз хатшысы жаңа қызметке тағайындалды
Қазақстан президентінің бұрынғы баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Президенттің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды.
Бұған дейін, қаңтар айында мемлекет басшысы Руслан Желдібайды Президенттің көмекшісі әрі баспасөз хатшысы қызметінен босату туралы жарлыққа қол қойған еді.
Руслан Желдібай 37 жаста. Ол Жамбыл облысының тумасы.
Еңбек жолын «Қазақстан» телеарнасында бастаған. Кейін «Алматы» телеарнасында жұмыс істеген.
Одан кейін мемлекеттік ақпараттық саясат саласында және Президент әкімшілігінде түрлі қызметтер атқарды.
2022 жылдан бері бірнеше рет Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы болып тағайындалып, сондай-ақ көмекші және кеңесші қызметтерін атқарған.
2025 жылдан бастап Руслан Желдібай Халықаралық дзюдо федерациясы комиссиясының директоры ретінде де тіркелген.