Live

Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцария президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцария Конфедерациясының Ұлттық күніне орай ел президенті Ги Пармеленге құттықтау жеделхатын жолдады.

Фото: Ақорда

Президент жеделхатында бұл мерекенің Швейцарияның бай тарихи мұрасын, берік демократиялық дәстүрлерін және елдің бейтараптық қағидаттарына адалдығын білдіретін ерекше күн екенін атап өтті.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қазақстанның Швейцариямен достық пен өзара құрметке негізделген көпқырлы ынтымақтастықты жоғары бағалайтынын жеткізді. Ол сауда, инвестиция, қаржы және білім беру салаларындағы өзара ықпалдастықтың оң қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ги Пармеленге жауапты мемлекеттік қызметінде табыс, ал Швейцария халқына амандық пен өркендеу тіледі.

Айта кетейік, Швейцарияның Ұлттық күні жыл сайын 1 тамызда атап өтіледі. Бұл күн 1291 жылы алғашқы үш кантонның өзара қорғаныс туралы тарихи келісімге қол қойып, Швейцария Конфедерациясының негізін қалауына арналған.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Тоқаев