Live

9 мамыр күні Шығыс Қазақстан облысындағы Артемьев шахтасында ер адам қаза тапты

Шығыс Қазақстан облысындағы “Востокцветмет” ЖШС-не қарасты Артемьев шахтасында қайғылы оқиға орын алды.

Фото: из открытых источников

 Алдын ала мәлімет бойынша, жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде шаңдеткіш қызметінің механигі шамамен тоғыз метр биіктіктен құлап,  ауыр жарақат алған.

“KAZ Minerals компаниясы оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылғанын мәлімдеді. Қазір тергеу жүріп жатыр.

“Жазатайым оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Тергеу жүргізіліп жатыр. Компания қаза тапқан қызметкердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Оның отбасына барлық қажетті көмек көрсетіледі”, – деп хабарлады KAZ Minerals компаниясы.

Еске салайық, 2024 жылдың 31 тамызында “Востокцветмет” ЖШС-нің “Иртышская” шахтасында белгісіз заттан уланған төрт адам көз жұмған еді. Ол кезде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі топтық жазатайым оқиғаға байланысты арнайы тергеу тағайындаған болатын.

Сайт Әкімшілігі